Мәдениет

Анатолий Бургаевтың жеке көрмесі

 

Анатолий Бургаевтың шығармалары сан алуан тақырыпты қамтиды. Көбіне ол туындыларына тарихи оқиғалар, петроглифтердегі таңбалар мен аңыз-әңгімелерді арқау еткен. Бірқатар уындыларында ол ежелгі түрік халықтарының өмірінен сыр шертетін оқиғалар мен көшпенділер тұрмысын бейнелеуге тырысыпты.

 Анатолий Бургаев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:
– Кезекті туындымды дайындау кезінде мен алған тақырыбымның арғы тегіне, түп төркініне бойлаймын. Оның бәрін мен заман талабына сай, осы заманның ұрпағына түсінікті болатындай етіп жасауға тырысамын.

Нағыз қылқалам шебері барлық жанрларды жетік меңгеруі керек дейді Анатолий Бургаев.

Анатолий Бургаев,  ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:
– Алдағы болатын көрмеге мен он жыл дайындалдым деуге болады.
Осы жылдар аралығында материалдарымның барлығын шығармашылық тұрғыда жетік меңгеруге тырыстым. Негізінен оларды кенепке акрил арқылы, қалғандарын қағазға пастель арқылы түсірдім.

Автордың туындыларын бір қараған адам оның мән-мағынасын түсіне бермеуі мүмкін дейді қылқалам иесі. Өйткені туындының әрқайсысында өзіндік астар мен мән-мағына бар.

Анатолий Бургаев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:
Ежелгі заманда адамдар бірігіп, топтасып өмір сүрсе, қазір бәріміз бейбітшілік пен келісімде тұрамыз. Мен шығармаларымды көбіне осы тұрғыда мәдени жағынан өзара алмасу болу үшін ескі мен жаңаның байланысын көрсеткім келеді.  

«Қайнар көзге саяхат” көрмесінде суретшінің 60-қа жуық еңбегі таныстырылмақ.

Әспет Әбдірешова