Қоғам

Пасха мерекесі басталды

 

 

 

Пасха – христиандар үшін маңызды мейрамы. Бұл күні олар храмға барып, туған-туыстары мен жақындары үшін құдайға сыйынады. Мерекені «Видергебурт» неміс мәдени орталығы қызықты етіп атап өтті. Балалар театрландырылған қойылым мен мерекелік концертке қатысты.

Эльвира Ковзель,  “Видергебурт” неміс мәдени орталығының жетекшісі:
Біздің орталық бұл мерекені жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтеді. Міне бүгін барлық мәдени орталықтар жиналды. Біз бұл мерекеге 1 ай бойы дайындалдық.

Сондай-ақ, қонақтар Пасха мерекесіне арналған көрмені де тамашалады. Жас қылқалам шеберлері өз туындыларында мерекенің басты нышаны – пасхалық қоянды бейнелеген.

Яна Ищенко,  №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің оқушысы:
Маған бұл мереке өте ұнайды. Мен жұмыртқаны бояп, оюларды ерекше етіп салуға тырыстым.

Мерекеде халықаралық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары да марапатталды. Бәйге неміс тілін оқыту курстарының тыңдаушыларының арасында өткен. Сайыскерлер 6 аталым бойынша тіл мәдениетін сақтай отырып, ұлттық дәстүрлерін насихаттаған. Пасха мерекесі жиналғандардың көңілінен шықты. Кейбір христиандар үшін Пасха отбасылық дәстүрлі мерекеге айналған.

Бәрі де қызықты. Мерекеге жақсы дайындалғандары көрініп тұр. Маған өте ұнады.

-Қойылымдары мен киімдері жарасып тұр. Жақсы ұйымдастырған. Осы жолғы Пасха мерекесі ерекше есімде қалатыны сөзсіз.

Бүгінгі таңда облысымызда 24 000 мың неміс ұлтының өкілі тұрады. Қазақстанда өзге ұлттардың дәстүрлерін жаңғыртып, тілдерін дамытуға барлық жағдай жасалған.

Гүлбану Ахметова