Білім

Мәжіліс депутаты студенттермен кездесті

 

Білім беру саласында тың әдістерді қолдану, заманауи технологияларды меңгеру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов кездесуді осы мәселелерді талқылаудан бастады. Елбасы Жолдауында айқындаған басты міндеттердің бірі – білім беру саласын жетілдіруде оқытушылар мен студенттерге артылған сенім мол. Дегенмен мұны әрқайсысының жіті түсінуі қажет дейді Абай Тасболатов.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Қазіргі таңда елімізде білім беру саласына ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені кадрлардың сапасы мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі. Сондықтан студенттер үшін ЖОО-н тамамдап қана қою жеткіліксіз. Бәсекелестік өте жоғары деңгейде. Әрдайым ізденісте болу керек.

Болашақ мамандардың алдында бірқатар міндеттер тұрғаны белгілі. Бастысы – меңгерген саласында әрдайым жаңашылдықтарға ұмтылу қажет. Бұл жаңа ғасырдың негізгі талаптарының бірі. Сондықтан кездесудің студенттер үшін берері мол.

Ерқанат Тілегенов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Бұл кездесуден мен көп нәрсе түсіндім. Алдымен патриоттыққа тәрбиелейді деп ойлаймын. Сондай-ақ өзімізді қызықтырған сұрақтарды жолдадық.

Абай Тасболатов мұндай кездесуді аудандарда да өткізуді жоспарлап отыр.