Спорт

«Көңілді тамшы»

 

 

«Көңілді тамшы» турнирі сәуірдің 29-ында қорытындыланбақ. Әзірге құрамалар өзара кездесулер легін өткізуде. Кезекті ойын Жұмысшы кентінің «Мега» командасы мен Северный шағын ауданы құрамасының арасында өтті . Аслан Шайкеновтың футболмен шұғылданғанына 3 жылдан асты. Өзге командалардың ішінде бізге бәсекелестік тудыратыны – «Адидас» құрамасы дейді жас спортшы.

Аслан Шайкенов, «Қайсар» командасының ойыншысы:
– Біз осы турнирге бірінші рет қатысып отырмыз. Бүгін біз СҚО командасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңдік. Мен ойлаймын «Адидас» командасы ең мықты деп.

Дулат Құдабаев “Девятнадцатка” командасының құрамында өнер көрсетеді. Аула клубтарының арасындағы шағын  футбол турнирлеріне бұған дейін де бірнеше рет қатысыпты. Болашақ аяқ доп шеберлерін дайындау мақсатында осындай жарыстар жиі өткізілсе дейді ол.

Дулат Құдабаев, «19-тка» командасының ойыншысы:
Мен футболды өте жақсы көремін. Турнир маған өте ұнайды. Болашақта біз үлкен футболист болғымыз келеді.

Аталмыш жарыс барлығы 7 кезең бойынша өтпек. Топ жарған құрамалараға «Мяч» қоғамдық жастар ұйымының атынан медальдар мен мақтау қағаздары табыс етіледі.

Вячеслав Гуменный, «Мяч» қоғамдық жастар ұйымының төрағасы:
Бүгін біз аула клубтарының арасындағы турнирдің 4-турын өткізіп жатырмыз. Жалпы биыл осындай жарыстарға 55 команда қатысты. Ал бүгінгі ойында 21 команда бақ сынауда.

Жарыс өз мәресіне жеткен соң, спортшыларды мамыр айында өтетін кезекті сайыстар күтіп тұр.

Әспет Әбдірешова