Ер есімі – ел есінде

Қоғам

14:58 9 Сәуір 2012

Осыдан 16 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында Пшихавр шатқалынан жүк алып өтіп бара жатқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бітімгерлік колоннасы тұтқиылдан ауған моджахеттерінің шабуылына ұшырады. Сол ұрыста өздеріне жүктелген міндетті орындау барысында Ішкі әскердің 17 жауынгері оққа ұшты. Ерлан Алданазаров – сол қанды шайқасты көзімен көргендердің бірі. Талай жастың өмірін қиған 1995 жылғы қанды оқиғада оған ротаны басқару міндеті жүктеліпті.

Ерлан Алданазров, запастағы полковник, рота командирі:
– 7-сәуір күні 1995жылы біздің рота айқасқа қатысты. Моджахеттер бізге қарсылық көрсетіп, соғыс болды.  Соғыста өлімсіз болмайды дейді. Бұл соғыста 17 бала қаза болып, 34 бала жараланды.

Сондықтан  бұл күн ішкі әскерлер тарихында ғана емес, ел шежіресінде мәңгілікке тарихтың қайғылы беті ретінде сақталып қалмақ.

Андрей Қаскелеңов,  6637 әскери бөлім командирі:
– Әскери қызметкерлердің өмірлері әрқашан қауіпке толы. Өз әскери міндеттерін орындау барысында 17 жауынгер еліміздің, ТМД елдерінің бейбіт тұрғындарының қауіпсіздігі жолында өмірлерін қиды. Олардың ерліктерін Ішкі әскерлер мен жалпы Қазақстан елі мақтан тұтады, сарбаздардың есімдері мәңгілікке жүрегімізде сақтаулы.

Ерлікпен қаза болған жауынгерлердің есімдерін мәңгілік есте сақтау мақсатында 2009 жылы Петропавлда шағын бақ ашылған болатын. Оққа ұшқан боздақтарды еске алған ҰОС ардагерлері, жергілікті билік өкілдері, қала тұрғындары мен Ішкі әскер жауынгерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлердің рухтарына тағзым етті.

 Жүнісбек Зұлпиев, 6637 әскери бөлімнің қатардағы жауынгері:
– Олар да біз секілді сарбаз болып, ант қабылдап, сапқа тұрып, Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып, қолдарынан қару тастамай, ерлік көрсетіп,  анттарын соңына дейін орындады.  Біз де ондай жағдайға тап болатын болсақ, қолымыздан қаруымызды тастамай, қабылдаған антымызға адал болып, соңына дейін тұруға ант етеміз.

Әспет Әбдірешова

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да цифрландыру күндері өтіп жатыр
Петропавлда шағын саябақ пайда болды
Солтүстікқазақстандық жастар пікірлерімен бөлісті
Петропавлда хакатон өткізілді
Мүгедек жандар өнерлерін паш етті
М.Жұмабаев ауданының тұрғындары шаштараз мамандығын меңгеруде
“Үздік техникалық жобалар” байқауының облыстық кезеңі өтті
Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады
2020 жылдың 3-ші қазанынан кейін ескі банкноттарды айырбастау аяқталады
Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
Шаһарда ханшайымдар байқауы өтті
“Жас кәсіпкер” бағдарламасының жүзеге асуы