Кеден

Сыртқы сауда айналымы өсіп келеді

 

Өңіріміз 20 елге астық экспорттайды. Бірінші орында – Өзбекстан мемлекеті. Бұл елге экспортталатын өнімнің 16 пайызы жеткізіледі екен. Шамамен 15 млн доллардан астам. Алтын дәніміз Әзербайжанда да зор сұранысқа ие. Бұдан соң Тәжікстан, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері.

Айгүл Кәрімова, СҚО бойынша кедендік бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
– Бағалық құнда бидай өнімдері 51,4 пайыз, ұн – 25,4 пайыз, жалпы астық 6,6 пайызды құрайды. Бидай экспорты өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Импортталатын тауар айналымы 27,7 млн АҚШ долларын құрады.   Импортталатын тауар айналымының 56 пайызы сүт өнімдері.

Тауар айналымының өсуі кедендік төлемдер мен мемлекет қазынасына түсетін салық көрсеткішіне де оң әсер етіп отыр. Соңғы үш айда мемлекет бюджетіне 335 млн теңгеден астам қаржы түсіпті. Сонымен қатар Кедендік бақылау департаментінің мамандары заңбұзушылықтармен күресуге  күш  жұмылдырған.

Айгүл Кәрімова, СҚО бойынша кедендік бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
– 2012 жылдың өткен мерзімінде кеденшілер 8 қылмыстық іс қозғаған. Оның бесеуі – контрабандалық  тауарларға байланысты. 13 заңбұзушылықтың алды алынды.

Солтүстікқазақстандық кеденшілер қозғалған қылмыстық істер бойынша 23 млн 700 мың теңгенің тауарын тәркілеген. Ал әкімшілік істер бойынша 356 мың теңге сомасындағы айыппұл төленіп отыр.

Инеш Шоқақова