Мәдениет

“Бір ел – бір кітап”

Алтынай Мусина Оралхан Бөкей шығармаларын сүйіп оқитын жастардың бірі. Өткен жылғы республикалық «Оралхан Бөкей оқуларында» ол «Апамның астауы» әңгімесімен бірінші орынға ие болыпты.

Алтынай Мусина, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:
– Мен жалпы Оралхан Бөкей оқуларына 7-сыныптан бастап қатысып келемін. Оралхан Бөкейдің әңгімелерін мен жетік меңгердім және ол кісінің әрбір шығармасы мен үшін ыстық. «Апамның астауы» шығармасын таңдау себебім – менің апамның өмірімен тығыз байланысты десем де болады.  Сол себепті мен бұл әңгімені таңдап, сахнаға алып шықтым.

Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегін салған қаламгер, оның шығармалары оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырады. Бүгінгі шараға жиылғандар оның еңбектеріндегі осы қырын жоғары бағалады.

Болат Мамытбеков, С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі:
– Оралхан Бөкейдің негізгі алған тақырыбы – үшеу. Адам, өмір, табиғат. Осы үш тақырыпты біріктірген. Шығармаларының негізгі идеясы – табиғаттай таза өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіреді.

Қазақ әдебиетінде ойып алар орны бар қайталанбас жазушы, дарабоз драматург Оралхан Бөкей Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Оның шығармашылығы әдебиет сүйер қауымға 60-жылдардың аяғында жазылған «Бура» әңгімесімен танылған. Әсіресе қаламгердің «Қайдасың, қасқа құлыным», «Үркер», «Мұзтау» деген еңбектері қалың көпшілікке кең танымал.

 Марина Маликова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың «Книга без границ» орталығының жетекшісі:
– Оралхан Бөкейдің қысқа ғұмыры мағыналы әрі мазмұнды. Оның өмірі өте қайғылы аяқталған. Дегенмен осы уақыт аралығында ол көптеген қызықты шығармалар жазып үлгерген.  

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы осымен алтыншы жыл өткізіліп келеді. Шара қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ. Оралхан Бөкей шығармашылығына қызығушылық танытқандар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалай алады.

Әспет Әбідрешова