Құқық қорғау органдары

Облыстық сот алғашқы тоқсанды қорытындылады

 

 

 

3 айдың ішінде аудандық және оған теңестірілген соттардың қарауында 10 605 іс пен өтініш болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 71 іске кем.

Ермек Сейсенбаев, кассациялық сот алқасының төрағасы:
– 2012 жылдың бірінші тоқсанында қаралған істер өткен жылғымен салыстырғанда бір деңгейде. 2011 жылдың алғашқы үш айында кассациялық сот алқасында 3 тұлғаға қатысты 3 іс қаралса, биыл оның саны артқан жоқ.

 Апелляциялық сот алқасысының төрағасы Ербол Рахымбеков баяндағанындай, үстіміздегі жылы соттардың 96 үкімі мен шешіміне шағым түсіпті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 19 үкімге кем.

Ербол Рахымбеков, апелляциялық сот алқасының төрағасы:
-2011 жылдың бірінші тоқсанында апелляциялық сот алқасы қайта қаралған 10 істің үкімін өзгертті, ал 2012 жылдың 1 тоқсанында 16 істің үкімі қайта қаралды.  

Облыста бірінші инстанциядағы соттарда – 136, ал апелляциялық сотта 16 тұлғаға қатысты рақымшылық заңы қолданылды. Сондай-ақ бұл кездесуде облыстық соттың төрағасы жаңа тағайындалған судьяларды таныстырды.

Айдана Демесінова