Қоғам

Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдады

2011 жылы «ЗИКСТО» АҚ 9,4 миллиард теңгенің 600 вагонын жасап шағырған. Ал бүгінгі таңда кәсіпорынның тапсырыстары 2 миллиард теңгеден асып жығылады. Мәжіліс депутаттары зауыттың вагон жинақтау цехында болып, өндіріс орнымен танысты. Солтүстік өңірде тек ауыл шаруашылығы секторы ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп саласы да жоғары қарқынмен дамып келеді деп атап өтті халық қалаулылары.

Сергей Дьяченко, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары:
-Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Әсіресе, аталмыш кәсіпорында бұл бағдарламаның маңызы зор. Себебі, кәсіпорын  астық тасығыш вагондар шығарумен айналысады. Биыл зауытта 200 жүк вагоны құрастырылмақ.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» аталған Елбасы Жолдауының басымдықтарын түсіндіру мақсатында СҚО жұмыс сапарымен келген халық қалаулылары сонымен қатар сайлаушылармен де кездесті. Қазақстанның қуаттылығы – бірінші кезекте өңірлердің мықтылығында дейді Сергей Дьяченко.

– Біз барлық облыстарға жұмыс сапарымен шықтық. Ауыл, селолардың тұрмыстық жағдайын көрдік. Әрбір тұрғынның мәселелерін тыңдап, қағазға түртіп алдық.

Бұдан соң, Сергей Дьяченко облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалында азаматтарды қабылдады. Халық қалаулыларының қабылдауына бірінші болып СҚО сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Нелли Кукушкина кірді. Ол сауда ісінде техникалық реттеу заңын жетілтіруді сұрап отыр.  

– Заң жобасының қалай қаралатыны сізге мәлім. Сондықтан да ұсынысыңызды басты назарға аламын.

Облыстық «Зерде» қоғамдық қорының төрағасы Болат Сағындықов 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған «Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы» Заңға түзетулер мен толықтырулар енгізуге бола ма деген сауалмен келіпті. Осыдан 85 жыл бұрын оның әкесі ату жазасына кесілген екен. Бұл кезде Болат Мағазұлы 1 жаста ғана болған.

Болат Сағындықов, «Зерде» қоғамдық қорының төрағасы:
– Заңның 12 бабына сәйкес, құрбандар және зардап шеккендер деген бар, 2 статус, соның зардап шеккендер деген статусы егер ата-анаң репрессияға ұшыраған күні 18 толмасаң,зардап шеккендер болып есептелесің, біздің сол заңды қабылдағанда қателік кеткен. Осы мәселе жөнінен Сергей Дьяченкомен кездестім, ол бақылауына алып, қарайын деді.

Сонымен қатар солтүстікқазақстандықтарды зейнетақы төлеу, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру және тұрғын үй заңнамасына өзгертулер енгізу мәселелері жайлы да сұрақтар толғандырып жатты. ҚР Парламент Мәжілісі төрағасы орынбасарының қабылдауында барлығы 6 адам болды. Кездесу барысында туындаған сұрақтарды Сергей Дьяченко өз бақылауына алатынын айтты.

Әсел Күшенғалиева