Энергетика

Энергетиктер тұтынушылармен кездесті

 

 

 «Севказэнергосбыт» ЖШС өңір тұтынушыларын  жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда 159 882 электр және 68 877 жылу энергиясының абоненттері кәсіпорын қызметін пайдаланады. Кәсіпорын 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жылу энергиясының 1 Гкал-не 2159 теңге 57 тиын тариф ұсынып отыр.  

Василий Рутарь, «Строитель» ПИК төрағасы:
– Мен бұл есептік кездесуге өзімді алаңдатқан сауалдарды жолдау үшін келіп отырмын. Бізде орнатылған трансформатор сағатына 2 кВт -тай энергияны өз жұмысына жұмсайды. Ал біз ол үшін қосымша төлем жасаймыз. Бағбаншылар ұйымының төрағасы ретінде осы мәселені шешу үшін келіп отырмын.

Өткен жылы тұтынушылар жылу энергиясының 27 есептегіш құралын орнатқан. Оның 19-ы жеке және 8-і көпқабатты тұрғын үй секторында. Дегенмен петропавлдықтар төлем жасаудың мұндай жүйесіне көшуге асығар емес. Сондықтан серіктестік бұл бағыттағы жұмыстарды биыл да жалғастыруды көздеуде. Бұдан басқа да жоспарлар жоқ емес.

Мағауия Сағындықов, «Севказэнергосбыт» ЖШС директорының міндетін атқарушы:
– Біз тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту үшін есеп-кассалық бөлімді кеңейтуді жоспарлап оытрмыз. Ол жерде тұтынушыларды қабылдайтын операциялық зал болмақ, барлық мәселелер бір жерде шешіледі. Сондай-ақ телефон арқылы жауап беруге арналған контакт орталығы құрылмақ.  

Жылу энергиясымен қамту тарифі жылу энергиясын сатып алу, тасымалдау тарифтері мен өнімді өткізу үстемақысының сомасына сай есептелінеді. Бұлардың біреуі өзгергеннің өзінде кәсіпорын табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментіне өткізу тарифін өзгерту туралы ұсыныс жасамақ.

Инеш Шоқақова