Құқық қорғау органдары

6 сәуір – Тергеу органдары қызметкерлерінің күні

 

 

Қазақстанда тергеу қызметінің қалыптасу және даму тарихы 1963 жылдан басталады. Қай кезде болмасын тергеу органдарында өз тағдырын қиыншылығы мен қызығы мол, ауыр әрі мәртебелі мамандықпен байланыстырған азаматтар жұмыс істейді. Бүгінгі залға тергеу қызметтерінің жеке құрамдары мен осы салада көп жыл еңбек еткен ардагерлер жиылды. Тергеушілердің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференция барысында алдымен солтүстікқазақстандық тергеушілердің қызмет барысындағы өзекті мәселелері сөз болды.

Нұрғазы Әбдіқанов, СҚО сотының төрағасы:
Бүгінде қылмыстық істі тергеуде әрбір тергеушінің қызметіне зор жауапкершілік артылып отыр. Соған байлансты мамандарға деген талап пен сұраныс та жоғарылап келеді.

Конференцияда әсіресе жас мамандарды даярлауға баса мән беру керектігі айтылды. Осы ретте республикада тергеу мектептерін ашу – өз ісінің білгірлерін арттыра түсері сөзсіз. Қазіргі уақытта Қазақстанда Елбасының тапсырмасы бойынша жаңа қылмыстық кодекс әзірленуде. Демек, жақын арада тергеушілер жаңа ереже бойынша жұмыс атқармақ.
Ал бүгін – кәсіби мерекелерінің қарсаңында үздік тергеушілер мақтау қағаздары және алғыс хаттамен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Наталья Калинина, СҚО ІІД тергеу басқармасы бөлім бастығының орынбасары:
Тергеу қызметі аса үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Мереке қарсаңында барлық әріптестеріме табыс пен барлық жақсылықты тілеймін.

СҚО ІІД-нің тергеушілері өткен жылы 5283 қылмыстық тергеу жүргізген. Барлығы бұл салада 161 маман қызмет атқаруда.

Әспет Әбдірешова