Спорт

Велошабандоздар маусымды табысты ашты

 

Наурыз айының 27 – 30 аралығанда өткен сайысқа елміздің  9 аймағынан 90 велошабандоз қатысыпты. Үздіктер 4 кезең бойынша анықталды. Бұл сында өңір құрамасының жұлдызы жанды.

Сергей Кручина, велосипед спорты бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы:
– Біздің құрама өте жақсы нәтиже көрсетті. Бұл бізді қуантады. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар 3 алтын, 1 қола медальға ие болды.

80 км топтық жарыста алтынды алқалаған Жандос Бижігітов пен 40 км критериум-жарысында жүлдегер атанған Вадим Галеев бүгіндері Елордада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына қатысуда. Қай жерде болмасын, солтүстікқазақстандық спортшылар намысты қолдан бермей, қарсылас құрамаларға жоғары бәсекелестік көрсетіп жүр дейді аға жаттықтырушы.

Сергей Кручина, велосипед спорты бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы:
–  Ал жалпы командалық есепте өңір құрамасы бірінші орыннан көрінді. Додада өңір құрамасының жеңіске жетуіне Бахтияр Қожатаев үлесін қосты. Қазіргі таңда ол Тайландта өтіп жатқан халықаралық жарыста ел намысын қорғауда.

Сәуір айының соңында Петропавл қаласында велошабандоздар турнирі өз жалауын көтермек. Жалпы биыл мектеп облыс орталығында велоспорттан республикалық деңгейдегі 3 жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

Әсел Күшенғалиева