Мәдениет

Өнерпаз қариялар ұжымы



 

Ардагерлерден құралған хор кезекті концертке дайындық үстінде. Иван Мищенко әр әннің дұрыс орындалуына ерекше мән береді. Ноталардың дұрыс қойылуын қадағалайды. Оның  ардагерлер хорына жетекшілік жасап жүргеніне биыл 28 жыл болыпты.

 Иван Мищенко, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ардагерлер хорының жетекшісі:
– Менің шығармашылыққа ден қойғаныма жалпы   40 жыл. Ал осы хорға 1984 жылдан бері жетекшілік етіп келемін. Алғашқы құрылған кезде мұнда соғысқа қатысып келген ардагерлер көп болатын. Тіпті қатарымызда 90 адамға дейін болған кездер болды.

Бүгінде хор ұжымында 45 адам ән шырқайды. Алғашқы құрылған кезінен бері оның құрамы бірнеше рет өзгерген. Классикалық, лирикалық және халық әндерін орындайтын хор репертуарында бүгінде 40-тан астам ән бар екен.  Олардың көбі соғыс тақырыбына арналған.

Иван Мищенко, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ардагерлер хорының жетекшісі:
 – Мен өз ұжымымды мақтан тұтамын. Мұндай құрамдағы хорды өзге жерден көрмеппін. Өйткені бұл хор жай ғана көркемөнер ұжымы емес, біздің ұжым 6 дауыста ән салады. Яғни 4 әйел және 2 ер адам дауысы.

Бір ерекшелігі, мұнда қатысатындардың арнайы музыкалық білімі жоқ. Дегенмен, түрлі дауыстағы сопрано, альт, бас пен тенордың – бәрі жиылып, бір әуезге тоғысқанда әуелеген әсем ән жанды тербетеді. Өз ісіне берілген Иван Мищенко замандастары алдында аса зор құрмет пен қошеметке ие.

Валентина Шандыбина, ардагерлер хорының әншісі:
Иван Алексеевич бар жан-тәнімен музыкаға берілген адам. Оны ұжымдағы адамдардың бәрі жақсы көреді. Өйткені ол хор құрамындағы адамдардың бәріне құрметпен, ерекше сыйластықпен қарайды.

Ән айтуды сүйікті істеріне айналдырған хор ұжымы өнер сүйер қауымды әлі де талай сахнаға шығып, жаңа әндерімізбен қуантамыз дейді.

Әспет Әбідрешова