Спорт

Армреслинг – білектілер спорты

 

 

 

Алексей Баталов армреслингтен өткен соңғы ел біріншілігінің чемпионы атанды. Ауыратлет мұндай дәрежеге 1 жылдың ішінде жетіпті. Былтырдан білек күшін сынау үшін тынымсыз жаттығуға кірісіп әуестігін кәсіби деңгейге көтеріп алды. 70 келі салмақтағы 22 қарсыласының қара күшін ептілігімен баса білген Алексей спорт шебері талаптарын мүлтіксіз орындап қайтты.

Алексей Баталов, армреслингтен спорт шебері:
Әрине, жеңіс үшін барасың, бірақ дәл осындай нәтиже болады деп күткен емес едім. Мен үшін қандай да бір жүлдеге ілугудің өзі үлкен жетістік болар еді. Атағымды дәлелдеп, спорттық көрсеткішімді өсіре түсу үшін аянбай еңбектенетін боламын.

Байрақты додада енді бір жерлесіміз Максим Федоренко да Алексейдің жолын қуып өңір намысын асқақтата білді. 55 келі салмақта топ жарып, алтыннан алқа асынды.

 Максим Федоренко, армреслингтен спорт шебері:
– 6 жылдық жатығуымның алғашқы ірі жемісі. Бұған дейін спорт шебері атағына қол жеткізе алмай келгенмін. Қарсыластар өте тәжірибелі. Десе де оң, сол қолмен күресте басым түстім. Жүктелген тапсырманы орындап, бапкер үмітін ақтағаныма қуаныштымын.

Жалпы өңір намысын 12 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша құрама қоржыны 5 алқамен майланды. Оның үшеуі алтын медаль

Олег Чегодаев, армреслингтен жаттықтырушы:
– 4 бірдей шәкіртім Ұлттық құрама сапына алынды. Енді олар маусым айында ел намысын Иран қаласында өтетін Азия чемпионатында қорғайтын болады. Онда сәтті түсе қалса, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері атағына ие болады. Ол үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз.  

Ал қыркүйек айында жерлестерімізге мықтылықтарын Бразилия елі қабылдайтын әлем біріншілігі қатысушыларының арасында дәлелдеу керек.

 
Жеңіс Ермұқанов