Билік

Селекторлық кеңесте екі бағдарлама қаралды


 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында қазірде үйлерді жөндеу екі механизм бойынша жүргізіледі. Енді 2013 жылдан бірыңғай механизм енгізу көзделген. Яғни, республикалық бюджет трансферті есебінен өкілетті ұйымды капиталдандыру негізінде жүзеге асыру ұсынылып отыр. Бұған қоса жөндеу жұмыстары жоба құнының 15 пайызын құрайтын бастапқы жарнаға жүргізіледі. Дегенмен бұл толықтырулар барлық мәселені шешпейды. Сондықтан Үкімет басшысы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігіне бір апта ішінде құжатты жетілдіруді тапсырды. Және өзгерістер облыс әкімдерімен келісілуі қажет.                                                    

   Ал есірткі бизнесімен күресу үшін әзірленген жаңа бағдарламаның жобасын үкіметтегілер бекітті. 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бюджеті 6 млрд. 167 млн. теңге. Ішкі істер министрлігіндегілер екі бағытта жұмыс атқаруды көздеп отыр. Біріншіден – нашақорларды емдеп, бұл індеттің алдын алуға үлкен көңіл бөлінбек. Елге жеткізілетін есірткінің жолын кесу де – маңызды міндеттердің бірі. Селекторлық байланыс үзілгеннен кейін облыс әкімі Серік Біләлов тиісті мемлекеттік органдар басшыларына тапсырмалар берді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыруға былтыр біздің облысқа 395 млн. теңге қаражат бөлінді. Ал биыл 812 млн. теңге қарастырылған. Үстіміздегі жылы екі еседен астам қаржы бөлініп отыр. Енгізілмек өзгерістер мен толықтыруларды пысықтау қажет, тиісінше өз ұсыныстарымызды әзірлеуіміз керек.   

Айымгүл Әбілева