Білім

Республикалық білім сайысы аяқталды

 

 

 

Наурыз айында өткен Республикалық пән олимпиадасына алдымен мектепішілік, кейін аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерден сүрінбей өткен оқушылар қатысқан. Білім сайысының облыстық кезеңінде 482 оқушы бақ сынапты. Оның ішінде 147-сі ауыл мектептерінен келген. Алғашқы екі кезеңнің нәтижелері бойынша бірінші орынға – 39 оқушы тұрақтаса, екінші және үшінші орын иегерлердің саны – 49.

 Күлпаш Қалғожина, СҚО мектепке дйінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бастығы:
– Биылғы жылы олимпиаданы өткізу-ұйымдастыру ерекшелігі облыс командасы екі топқа бөлініп, бірінші команда жаратылыстану пәндері бойынша Ақтөбе қаласына барып келді, екінші топ Қарағанды қаласында өтті.
Қарағанды қаласында гуманитарлық пәндерден өткізілді.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық оқушылар жалпы командалық есепте математика-жаратылыстану пәндері бойынша – 11, гуманитарлық пәндер бойынша 14 медальға ие болған. Әсіресе облыстағы арнайы мамандандырылған мектептер тәрбиеленушілері жоғары нәтижелерге қол жеткізіпті.

 Күлпаш Қалғожина, ИТР: СҚО мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бастығы:
– Ең үздік нәтижеге жеткендер:   «Лордтың» оқушылары, «Бэст» гимназиясы,  қазақ-түрік лицейінің оқушылары жақсы орындарға ие болып келді.   Барлық қорытынды нәтижесі бойынша біздің облыстың командасы жаратылыстану пәндері бойынша облыстардың арасында 3-орынға ие болды.
Гуманитарлық пәндер бойынша 2-орынға ие болды .

Осылайша,   Республикалық пәндер олимпиадасында жерлестеріміз түрлі дәрежедегі 25 жүлдені иеленген. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандық команданың қоржынында 6 мақтау грамотасы, екі сертификат және еліміздің 3 ЖОО-ында тегін оқу гранты бар. Білім басқармасының мамандары өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда  биыл оқушылардың көрсеткен жетістіктері айтарлықтай жақсарды дейді. 2012 жылғы олимпиадада қазақ-түрік лицейінің оқушылары ең үздік нәтиже көрсеткен.

Әспет Әбдірешова