ТЖ

Құтқарушылар шығысқа аттанды


 

Өрт сөндіру қызметінің маманы Михаил Шегеда осыдан 2 жыл бұрын Шығыс Қазақстан өңіріндегі су тасқынының салдарын жою жұмыстарына қатысқан. Аталмыш салада 12 жылдай қызмет ететін ол ең бастысы – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дейді.

Михаил Шегеда, СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ жетекшісінің аға көмекшісі:
– Шығыс Қазақстан өңіріндегі су тасқынының салдарын жою жұмыстарына қатысқан уақытта жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен болатынбыз. Және Бұқтырма өзеніндегі жағдайды бақылауда ұстау басты міндетіміз болды. Оны қажет деңгейде орындадық. Осы жолы да қолымыздан келгенін жасамақпыз.

Жедел топ құрамы жолға аттанар алдында соңғы нұсқау алды.  Олар  Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха ауданының тұрғындарына су тасқыны кезінде жәрдемдеспек. Барлығы 32 қызметкер. Оның 12-сі суда құтқару және 20-сы өрт сөндіру қызметінің мамандары. Қажетті 7 техника да толығымен жасақталған.

Ораз Қаршалов, СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары» ММ бастығының орынбасары:
– Өрт сөндіру қызметінен 4 машина жіберіледі. Негізінен су соратын. 20 күн уақыт болмақ.  

Жалпы Шығыс Қазақстан өңіріне ТЖМ-нің 10 бөлімшесінен жасақталған жедел топтар жолданды. Тасқыннан зардап шеккен облысқа 50 техника мен 229 маманның күшін жұмылдыру көзделуде. Ал өңірімізден аттанған  жедел топ 1 800 шақырымдық ұзақ жол жүріп өтіп, шығыс аймаққа 5-ші сәуірде жетпек.  

 

Инеш Шоқақова