Қоғам

Адольф Янушкевичке арналған конференция


 

Конференцияға жиналған қонақтар алдымен Адольф Янушкевич жайлы «Коперник» поляк мәдени орталығы дайындаған бейнефильмді тамашалап, қоғам қайраткерінің өмірі, жер аударылған елдері, оның зерттеген материалдарымен танысты. Жиынға еліміздегі Польша Республикасы елшілігінің кеңесшісі Павел Есса да қатысты. Үстіміздегі жылы қазақ-поляк дипломатиялық қатынастарының орнағанына 20 жыл толады. Соған байлынысты бұл конференцияның өткізілуі маңызды дейді ол.

Павел Есса, ҚР Польша Республикасы елшілігінің кеңесшісі:
Адольф Янушкевич 13 жылдай қазақ этно-мәдениетін, дәстүрін, тілін зерттеген, тіпті қазақ тілін жетік меңгерген. Ол – Еуропа елдеріне қазақтардың тұрмысы, өмірі жайлы алғашқылардың бірі болып құнды материал жеткізген.

Патшалық Ресейдің саясатына қарсы шығып, ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан бір топ поляк қайраткерлері  ХIХ ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанға жер аударылған болатын. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, тарихын зерттеген Адольф Янушкевич солардың бірі.  Саяси қылмыскер ретінде Сібірге жер аударылып келген этнограф 1846 жылы қазақ даласын аралауға шығады. Осы кезден ол белгілі қазақ зиялыларымен кездесіп, қазақ елімен біте қайнасып кеткен.

Қайролла Мұқанов, «Асыл мұра» орталығының қызметкері:
Қазақтардың ішіндегі жақсы азаматтарды жақсы танып, білген. Мысалы Барақ батырды, Құнанбайды. Одан кейін Орынбай мен Жанақтың айтысын көріп, соны мақтайды. Қазақ арасындағы жырларды, айтыстарды, ешқашан көрмеген адам риза болады.

Бұл жиынның өскелең ұрпаққа берері мол деген ойда конференцияға қатысушылар.

Гүлбахша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, з.ғ.к:
әселе өте өзекті. Мысалы, қазіргі уақытта бұл қазақ-поляк қатынастарын нығайту. Балалардың өзінің дәстүріне, әдет-ғұрпына махаббат сезімін ояту, басқа халық оны сыйлағанда, біздің халық оны міндетті түрде білу керек.

Конференция соңында Польша елшілігінің өкілі отырыста тыңдалған баяндамаларды Польша Республикасында кітап етіп басып шығаруды ұсынды.

Әсел Күшенғалиева