Бизнес және экономика

ЖСН алу қажет

 

 

 

Жеке сәйкестендіру нөмірінің жыры биыл да жалғасты.  Соңғы мерзім 2012 жылдың қаңтарына дейін еді, кейін ол тағы бір жылға ұзартылды. Осылайша былтыр куәліктерін ауыстырмай жүріп алған азаматтар биыл міндетті түрде жеке сәйкестендіру нөмірін алулары тиіс.

Мөлдір Қабдолова, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының көші-қон бөлімінің инспекторы:
– ИНН алу үшін мынадай құжаттар керек: жеке куәлік пен оның көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, 2 фото. Фотоға осы жерде түсіріледі.

Айтқандай, куәлік немесе төлқұжат ауыстыру тегін. Жылдам, ұзын-сонар кезек те жоқ. Ал белгіленген мерзімнен кешіксеңіз, қалтаңыздан ақша төлеуге тура келеді. Айыппұл көлемі – 5 айлық есептік көрсеткіш.

Есенәлі Оспанов, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бөлімше бастығы:
– Бүгінде учаскелік инспекторлар мен көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері үй-үйді аралап, жеке сәйкестендіру нөмірі бар куәлік пен төлқұжат алу керектігін жеткізуде.
Шалғай орналасқан елді мекендерде де түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мүгедек, қария адамдарды құжаттандыру олардың мекен-жайына барып, сол жерде жасалуда.

Куәліктерін ауыстырмай жүргендер негізінен еш жерде жұмыс істемейтіндер мен тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдар екен. Өткен жылы облыста 8014 азаматқа жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжат беріліпті. Жыл аяғына дейін бұл жұмысты аяқтау межеленген. Жеке сәйкестендіру нөмірі бар жаңа куәліктерді алмаған азаматтардың саны облыс бойынша 3163, оның ішінде қалада 922 адам құжаттарын ауыстыруға асықпай отыр. ЖСН жоқ құжаттар келесі жылдан бастап қолданыста болмайтынын кезекте рет ескертеді мамандар. Сондықтан уақытты жіберіп алмай қамдану қажет.

Айымгүл  Әбілева