Балалар

Сәуірдің 2-і – халықаралық балалар кітабы күні

Кітапхана қызметкерлері мерекелік шараны қызықты   ұйымдастырған. Ертегі кейіпкерлері Читайка, “Чубо және Чупс”, мыстан кемпір, сайықымазақпен қатар  жансыз заттарды да сөйлеткен. Ғаламдану заманында “жастар кітап оқымайды” деген сөзді балалар жоққа шығарды. Олар керісінше көп оқыған пайдалы дейді.

Ернар Есенбергенов, оқырман:
– Мен Ыбырай Алтынсаринның ертегілерін оқимын. Әсіресе оның өлеңдері ұнайды. Кітапты көп оқысам сауатым ашылады.

Мерекелік шараға жиналған қауымға қойылым көрсетілді. Онда кітап патшайымы мен оның көмекшілерін және оқырмандарын машина королі сиқырлап қояды. Оларға жан бітіру үшін балаларға ертегі кейіпкерлері сұрақтар қояды. Сауалдарға жауап бергендер қатарында Читайка рөлін сомдаған Ернар Есенбергенов те бар. Ол осы кітапхананың тұрақты
оқырмандарының бірі.

 Батырбек Усин, оқырман:
– Мен бүгінгі кітаптар күніне оқырман болып келдім. Мен бұл кітапханаға көп келемін.Өйткені маған мәліметтер керек. Интернетке қарағанда кітап оқыған пайдалы. Және диктантты қатесіз жазуға көмектеседі. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» жәнеМұхтар Әуезовтың  «Абай жолын» оқыған ұнайды.

Бүгінгі таңда кітапхананың 14 мың оқырманы бар. Тұрақты оқырмандарға “Книга” дүкені арнайы сертификат және кітапханаға бағалы сыйлық табыс етті.

 Гүлмира Жаппасова, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасының әдістемелік-библиографиялық бөлімінің жетекшісі:
– Бүгін балалар кітап апталығы басталып кетті. Мерекенің тарихы сонау 1943 жылы басталып, алғаш рет Мәскеуде аталып өтілген. Сол мерекеде барлық балаларға кітаптар сыйлаған.

 


Мерекелік шара барысында “Алуа” би ансамблі   өнер көрсетті. Және кітапхананың іс-шараларында белсенділік танытқаны үшін кішкентай бишілер алғыс хатқа ие болды.

Гүлбану Ахметова