Балалар

“Жас Отандағы” Мәжіліс депутатымен кездесу



 

Жиын барысында көптеген келелі мәселелер көтерілді. Әсіресе  қоғам өміріндегі өскелең ұрпақтың рөлі басты назарда болды. Жастар – ел ертеңі. Сондықтан да бүгінде алғыр да парасатты жастардың мемлекет, қоғам өміріне белсене араласуы уақыт  талабы. Сол себепті де жастар саясаты мәселелерінің жиі сөз болуы орынды дейді Мұрат Әбенов.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Қазаргі таңда алға ғаламтор арқылы жаңа жоспарлар тауып, оларды аз уақыттың ішінде қабылдап, жылдам шешім шығара білетін дарынды жастар көптен-көп. Олардың ойлау қабілеті, өмірге деген көзқарасы мүлдем бөлек.

Депутат студенттерге ғаламтордың ұтымды тұстарын жастар тілімен ұтымды түсіндіріп берді. Интернеттің қыр-сырын жетік меңгерген ол өз жұмысында да бұл қызметті ақпарат алмасу мақсатында қолданатынын айтты. Ал өскелең ұрпақ Мәжіліс депутатына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Самат Жәкенов, “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
-«Жастар саясаты туралы» жаңа заң қай мезгілде өз күшіне енгізілмек?

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
2013 жылдың 1 қаңтарында жастар саясаты туралы жаңа заң қабылданады деп болжануда. Ол біз сайлауға кетерден бұрын Парламентке түсті. Қазір елімізде жастармен байланысты мәселе өте көп. Біз өңірлерді аралап, әлеуметтiк мәселелердi шешу, жұмыспен қамтамасыз ету, сапалы бiлiм беру, сапалы дәрiгерлiк қызмет көрсету бойынша мәселелердің бір бөлігін жинақтадық. Соның ішінде «Жас отбасы» ұғымын енгізуді де қарастырып жатырмыз.

Отырыста өңір жастары «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдаламысының қалай жүзеге асырылатынын, дебат турнирлерін ұйымдастыру, «Қазтест» жүйесін енгізу мәселелері жайлы өз сұрақтарын қойды. Мұрат Әбенов кездесу соңында солтүстікқазақстандық жастардың белсенділігін атап көрсетіе, шығармашылық табыс тіледі.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мен солтүстікқазақстандық жастармен алғаш «Жас Отан» легерінің блогерлер кездесуінде жүздескен едім. Солтүстік өңірдің жастары қай жұмыста болмасын, белсенділердің қатарында.

Мұрат Әбенов алдағы уақытта өңір жастарымен тығыз қарым-қатынас орнататынын айтты.

Әсел Күшенғалиева