Құқық қорғау органдары

Қару тапсыру шарасы аяқталды

  

 

Аталмыш шара ақпанның 1-нен басталып, екі ай бойы жүргізілген болатын. Республика бойынша өткізілген акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық әрекеттерге жол бермеу болып табылды. Полицияға қаруларын өз еріктерімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Сонымен қатар қаруды еркін түрде тапсырған азаматтарға 10-нан 100-ге дейін есептік айлық көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы төленетін болады. Мәселен, аңшы мылтығы үшін 48 мың, ал винтовка немесе карабин үшін 81 мың теңге төленеді. Акцияның аяқталуына байланысты бүгін Петропавлдағы заводтардың бірінде 300 қарудың көзі жойылды. Ол арнайы құрылған комиссияның көзінше пеште ерітілді.
Акция барысында облыстық ішкі істер органдарына 901 өтініш түскен. Азаматтар 1 автомат, 130 мылтық, 3 тапанша, 753 аңшы мылтығы, 1 граната және 17 мыңға жақын оқ-дәрі тапсырды.

 
Гүлбану Ахметова