Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аграрийлер егіске дайындалып жатыр



 

Юрий Чибисовқа жүктелген негізгі міндет –   К-700-ң бұзылған жері болса, оны дер кезінде анықтап, тиісті жөндеу жүргізу. Екі аптадан бері шебердің қарауындағы бұл техника көктемгі егіс жұмыстарна әзір деуге болады.

Юрий Чибисов, «Петерфельд-агро» ЖШС механизаторы:
– Жұмыс уақытында әр түрлі жағдай болып жатады. Осы маусымда мына техниканың қозғалтқышы мен   қорабын жөндедік. Негізінен техниканың жалпы күйін тексереміз.

«Петерфельд-агро» ЖШС-де 10 мың гектар жер бар екен. Көктемде алқаптарға уақтылы дән сіңірілуі тиіс. Бұл жерде әр трактор, сепкіштің маңызы ерекше. Сондықтан техниканы тексеру жұмыстарын қаңтар айында қолға алдық дейді шаруашылықты басқарушы Петр Порубенский. Қазіргі таңда жөндеу шараларына 20 жұмысшы тартылыпты.

Петр Порубенский, «Петерфельд-агро» ЖШС басқарушы, Қызылжар ауданы:
Негізінен МТЗ-82, МТЗ-80 және К-700 сияқты ауыр техникаға жөнделуде. Біздің шаруашылықта 11  К-700, 5 дәнсепкіш, сонымен қатар былтырғы жылы жаңадан сатып алынған 3 МТЗ-82 техникасы бар.

Жетекшінің сөзіне қарағанда көктемгі егіс науқанына техниканың 90 пайызы дайын. Шаруашылық жоспарланған жөндеу жұмыстарын сәуірдің 10-на дейін аяқтауды көздеп отыр.  Алдағы уақытта техника қатарын жаңа 10 комбайн мен өзге де дәнсепкіш, қопсытқыш  машиналар толықтырмақ.

Петр Порубенский, «Петерфельд-агро» ЖШС басқарушы, Қызылжар ауданы:
– Шаруашылық былтыр ірі қара мал өсіруді қолға алған еді. Сондықтан биыл жем-шөп азығына бөлінген жерді 250 гектардан 2000-ға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, жүгері сепкіш пен қопсытқыш сатып алмақ ойымыз бар.

Облыс бойынша  көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған 16 000 трактор және 15 000 дәнсепкіш бар. Жалпы алдағы қауырт маусымға техниканың 80 пайызы дайын.

Әбілхан Бижанов, СҚО ауыл шаруашылығының бөлім бастығы:
– Биылғы жылы облыстағы   900 себу кешеніне тағы да 20-сы қосылады деп күтудеміз. Сонда 920 кешенмен барлық егістік жердің 70 пайызын себу белгіленген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдары жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуде. Бізге облысқа керегі 70 000 тонна дизель отыны болса, оның 65 мыңын үкімет жеңілдетілген бағамен берді.

Ауыл шаруашылығы техникасын көктемгі егіске сәуірдің 15-інде толықтай сайлау көзделіп отыр.

Іспет Әбдірешова