Қоғам

Тегін жол билеттері

 

 

 Петропавлда тұратын 1-2-ші топтағы зағип жандар жылдағыдай жолда тегін жүру билеттерін алып жатыр. Билет 1 жылға дейін жарамды. Мұндай мүмкіндікке 314 зағип жан ие болды. Мәди Байбеисов -екенші топтағы мүгедек. Бұл қоғамның мүшесі болғанына 10 жылдың жүзі болыпты. Облыстық “Автокөлік одағы” қоғамдастығының тарапынан көрсетілген көмекке атамыз дән риза.

Мәди Байбеисов, облыстық зағиптар қоғамының мүшесі:
– Мүгедектердің зейнетақысы өте аз, кей мүгедектер екі аялдамаға отырып келеді. Бұрын ай сайын беретін, енді 1 жылға беруде. Біз қоғамымыздың атынан рахмет айтамыз.

Ақлима Кенесарина осыдан 17 жыл бұрын көз жанарынан айырылды. Жұбайы де бірінші топтағы мүгедек. Тегін жол жүру билеттері біз үшін үлкен көмек дейді Ақлима апа.

Ақлима Кенесарина, облыстық зағиптар қоғамының мүшесі:
-Бізге осындай билеттерді беріп, көмек көрсетіп жатқандарына рахмет. Бұның бізге жода тегін жүруге көп көмегі бар. Енді қалада біраз тегін жүруге мүмкіндігіміз бар.

Айта кету керек, мұндай билетті мүгедекпін деп пайдаланып жүрген алаяқтар да жоқ емес. Сондай жайттарға жол бермеу үшін зағип жандар биылдан бастап, ескі билеттерін тапсырып, орнына жаңасын алады.

Минвали Хайрулин, Қазақ зағиптар қоғамы облыстық басқармасының төрағасы:
– Біздің дәрежеміздегі мүгедек жандар қашанда көмекке зәру. Себебі ол жалғыз өзі көшеде жүріп-тұра алмайды. Енді олар, жаяу емес, автобуспен керек жерлеріне тез жете алады.  

Мұндай жәрдемге зағип жандармен қатар, “Асыл ана” мүгедектер қоғамы, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар және ауған соғысы ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар ие болады. Мұндай көмек жерлестерімізге 1999 жылдан көрсетіліп келеді.

Галина Семенова, СҚО “Автокөлік одағы” қоғамдастығының төрайымы, қалалық мәслихат депутаты:
– 750 тегін жолда жүру билеттері қаламызда көмекке зәру жандарға беріледі. Біз оларға әрдайым қолдау көрсетуге тырысамыз.

Облыстық “Автокөлік одағы” қоғамының тарапынан берілген жолда тегін жүру билеті 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін жарамды.

 Гүлбану Ахметова