Балалар

Қуыршақ жасау да өнер

 

 

Он саусағынан өнер тамған жас суретшілер  жасаған қуыршақтар сан алуан. Балалар оларды негізінен ағаш пен әр түрлі матадан әзірлепті. Роман Мещериков шеберлік сыныбынан көп нәрсе үйренгенін айтады. Әсіресе, қуыршақ образдарын бейнелеуде түрлі бояуларды қолдану көңілінен шыққан көрінеді.

Роман Мещериков, көркемсурет  лицейі «Юнеско» клубының тәрбиеленушісі:
– Шеберлік сыныбында әсіресе қуыршақтарды қазақша үлгіде бояулармен өрнектегеніміз ұнады. Ою-өрнектерге қатысты көптеген жаңа мағлұматтар білдім. Әр қуыршақты дайындауға шамамен 3 сағаттай уақытымыз кетті.

Шеберлік сыныбына еліміздің әр аймағынан 120 суретші қатысқан. Адамның ішкі жан дүниесіндегі беймәлім сырларын қуыршақтар образы арқылы бейнелеу үлкен шеберлікті қажет етеді дейді балаларды осы өнерге баулып жүрген Елена Сафинова.

Елена Сафинова, көркемсурет  лицейі «Юнеско» клубының киім дизайны оқытушысы:
– Оқушыларға шеберлік сыныбында қуыршақтардың адамға қалай әсер ете алатындығы ұғындырылды. Шығармашылық әрекет үнемі байланыста болу керек, яғни басқалардың жұмысын бақылау арқылы өзіңнің нәтижеңді жетілдіре түскен дұрыс.

Шеберлік сыныбына қатысқан оқушылардың бәрі сертификатқа ие болды. Оқушылардың айтуына қарағанда, ертегі кейіпкерлері мен театр қуыршақтарын жасауда мұндай шаралардың үйретері мол.

– Шеберлік сыныбын көруге шығармашылық адамдар көптеп жиналыты. Менің есімде асхананы өзгеріске келтіргеніміз қалыпты.
– Біз әр түрлі әдістермен жұмыс істедік. Фото-комикстардың кейіпкерлеріне айналдық. Бәрі өте ұнады.

Әспет Әбдірешова