Қоғам

Еске алу қабырғасы



 

 Еске алу қабырғасының жобасы бүгінде толығымен дайын. «Память»қоғамдық қоры нысанды салуға қажетті құжаттарды әзірлеуге өткен жылы кірісіпті.

Болат Сағындықов, «Память» қоғамдық қорының төрағасы:
–  Былтыр екінші рет «АЛЖИР»-де  болдым Астананың түбіндегі. Сосын ойыма келді біз неге осындай жасамаймыз. Осы өзіміздің ұсынысымызбен тамыз айында әкімнің қабылдауында болдық. Ол кісі дұрыс деді, жасаймыз, ақша бөлеміз деді. Енді қазіргі мәселе – осының ақшасында. Қаржы қалай бөлінеді, солай әрман қарай жұмыс кетеді.

Еске алу тақтасына саяси қуғын-сүргінге ұшыраған өңір азаматтарының есімдері жазылады. Бүгінгі таңда бұл тізімде 6100 жерлесіміздің аты-жөні белгілі болып отыр. Бұл дерек 6500-ге дейін толығуы мүмкін. Ал құрылыстың бой көтеруі үшін 26 млн теңге ақша қажет дейді қор төрағасы Болат Сағындықов.

Болат Сағындықов, «Память» қоғамдық қорының төрағасы:
– Бәрі дайын, тек қана қаржы керек қазір.
Оны орындайтын негізгі маман Любимов Виктор Борисович деген өзінің жеке компаниясы бар. Ал эскизін  София Зейнеғабинова деген кісі жасап берді.

Жаңа ескерткішті  31мамыр, яғни саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ашу жоспарланып отыр. Мемориалдық кешен облыстық Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының жанында бой көтермек.

Әспет Әбдірешова