Балалар

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы

 

 

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің оныншы көшпелі отырысы семинар-тренинг түрінде ұйымдастырылыпты.Онда еліміздің әр аймағынан келген жастар саясатын жүзеге асырушы ұйымдар өкілдері мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер өз ара пікір алмасты. Қостанай облысынан келген Сабыржан Хайруллин жастар мәселесіне қатысты өзекті тақырыптарды талдауда семинардың берері мол дейді.

Сабыржан Хайруллин, Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімінің орынбасары:
– Бүгінгі семинардың өтуіне біз өте қуаныштымыз. Өйкені мемлекеттің болашағы – жастар. Сондықтан да жастармен жұмысты жан-жақты жүргізу керек. Жастарды біздің «Қазақстан-2030» стратегиясына бағыттап отыруымыз керек.  

Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар кездесудің негізгі өзегіне айналды. Жастарды жұмыспен қамту, оларға заман талабына сай бағыт-бағдар беру мәселесі жайлы жиылғандар өз ұсыныстарын жасады.

Юлия Натарова, «Зубр» әлеуметтік бірлескен қоры директорының орынбасары:
– Жастар ұйымдары мен мемлекеттік қызметкерлер жастар саясатын талапқа сай ұйымдастыра білулері керек. Әсіресе аудандарда жұмыс ақсап жатады. Ауыл жастарының мәселелеріне де мән беру керек. Біздің бүгінгі жиын осы бағытта нақты кеңестер береді.  

Әспет Әбдірешова