Билік

Орманшыларға қызметтік көліктер табыс етілді



 

Өткен жылы өңіріміздегі орманды алқаптар екі мәрте отқа оранып тілсіз жау 2 Га жасыл желекті құртыпты. Тоғайларды жалмап кеткен өрт негізінен Қызылжар ауданында орын алған. Өңір басшысы ондағы орман шаруашылығының биылғы қауырт маусымға әзірлігін тексеріп, техника паркінің қаншалықты сайланғанын байқап көрді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Алқаптарда көп құрғақ шөп қалды, сәуірдің ортасында ауа температурасы 17 градусқа дейін жылынады деп болжануда, сондықтан алдын ала дайындалу керек.

Жалпы былтыр облыс орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға өңір қазынасынан 80 млн теңге бөлініпті. Ол қаржыға 7 қызметтік автомашина , 17 трактор мен бір өрт сөндіру арнайы көлігі алыныпты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоршаған ортаны қорғауда жаңа инновациялық технологияларды еңгізу мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Өңірімізде орман шаруашылығында ресурс сақтайтын технологияларды енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Орман қорғау және күзету олардың санитарлық жағдайын жақсарту – орман қызметкерлерінің алдында тұрған ауқымды міндет.

Серік Біләлов орман шаруашылықтарының басшыларына бұл шаруада таптырмас көмекші болатын қызметтік темір тұлпарлардың кілтін табыс етті. Облыс әкімі сыйға тартқан 13 көлік өңір тоғайларының сақтығын бақылауға жұмылдырылмақ.
Сондай-ақ табиғат сақшыларына тілсіз жаумен күрес құралдары – 120 ауа үрлейтін бүріккіштер мен 6 соқа берілді. Аққайың орман шаруашылығының 34 қызметкері 49 мың Га жерден астам тоғайлы алқапты күзетеді. Техниканың толығуы жұмысты әлдеқайда ширақ ете түседі дейді орманшылар.

Амангелді Жақыпов, Аққайың аудандық мемлекеттік орман шаруашылығы директорының орынбасары:
– Орман шаруашылықтары учаскілерге бөлінеді. Әр машинаның өз рациясы болады. Бізге хабарлайды. Келгенше өздері сөндіре береді. Өте тиімді.

“Ақан сері” орман шаруашылығы да 16 техникасына қоса арнайы жабдықталған “УАЗ-Фермер” көлігі, соқа және 10 ауа бүріккішпен қамтамасыз етілді.

 Өмірбек Қаратаев, “Ақан сері” мемлекеттік орман шаруашылығының директоры:
– Ақан сері орман шаруашылығы 33 мың Га аумақты алып жатыр. Ғ. Мүсірепов ауданында және бір бөлігі Айыртау ауданын алып жатыр. Біздің аудан ең шалғайда. Бізде жол жоқ. Қазіргі келіп жатқан техника үлкен көмек болады.  

Жалпы техникаларды алуға облыс бюджетінен 50 млн теңге жұмсалған.

Жеңіс Ермұқанов