ТКШ

Өңірде электр энергиясына үш деңгейлі тариф енгізілмек

 

 

 

Өңірімізді электр энергиясымен қамтушы «Севказэнергосбыт» және «Солтүстік энерго орталық» ЖШС 1 сәуірден бастап, тарифтерді өсіру туралы мәлім еткен болатын. Бұған сатып алу бағасының көтерілуі себеп. «Севказэнергосбыт» электр энергиясын сатып алатын Петропавл 2-ші жылу-энергия орталығы тарифті 13,5 пайызға өсірмек. Осыған байланысты электр энергиясын тұтыну құнының өсімі сәуір айынан бастап 10,4 пайызды құрамақ. Яғни 8,56 теңгеден төленіп келген 1 квт энергия енді 9 теңге 45 тиын болады. «Солтүстік энерго орталық» электр энергиясымен қамтитын 5 ауданда жағдай аздап өзгеше болмақ.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департамент директоры:
– Олар Екібастұздан электр энергиясын алады. Олардың электр энергиясы жоғары. Олардың тарифі 15 теңге болды. Ал халыққа 11 пайыздан артық өспейді. Көкшетау өңірінің 95 пайызы село халқы  болғаннан кейін олар бірінші деңгейді пайдаланады.

Жеке тұлғалар үшін үш деңгейлі тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясын тұтыну көлемі бекітілді. Бұған дейін тұрғындар екі деңгей бойыша төлем жасаған болатын. Сәуірдің бірінен бастап 3 деңгейлі сараланған тарифтер енгізілмек.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департамент директоры:
– 3-ші деңгей дегеніміз мысалы электр плитасы жоқтарға 150 кВт болады мөлшері. Электр плитасы барларға 170 кВт болады. Жалғыз тұратын кісілер, зейнеткерлер мен мүгедектерге бөлек есептеледі.

Жалпы өңірімізде қабылданып отырған электр энергиясының тарифтері ел бойынша ең төменгілер қатарында.

Инеш Шоқақова