Қоғам

«Салангтың» құрылғанына – ширек ғасыр



 

“Саланг” әскери-патриоттық клубын ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз құрған. Клубтың негізін қалаушылардың бірі – Александр Азегов. Бұл ұйымға 25 жыл жетекшілік етіп келетін ол алғашқыда қиын болғанын айтады.

Александр Азегов, “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:
– “Саланг” клубы 1987 жылы құрылды. Ауған соғысында болғанда біздің жауынгерлерге әскери дайындықтың жетіспейтінін көрдік. Сондықтан балаларды әскер қатарына шақырылғанға дейін арнайы жаттықтыру үшін осындай клуб құруды ұйғардық. Осы күнге жеткенше бірқатар қиындықтар болды. Бірақ біз бәрін жеңіп, қазірде нәтижелі жұмыс жасап жатырмыз.

Жиырма бес жыл ішінде 2 мыңға жуық бала әскери-патриоттық клубта жаттыққан. Ал бүгінгі күні қырыққа жуық тәрбиеленуші әскери дайындықтан өтуде. Мұнда олар спортпен айналысып, қоян-қолтық күрес әдістерін, қарудан атуды үйренеді. Ал жақында бағдарламаға парашюттен секіру де енгізіліпті. Осында меңгергендерін клуб тәрбиеленушілері мерейтойға орай ұйымдастырылған шарада жұртшылық назарына ұсынды.

Николай Гурин:

Осы клубқа 14 жасымда келген болатынмын. Бұл жерде көп нрсе  үйрендім. Әсіресе әскери дайындық шыңдайды. Бұл тәжірибемнің әскер қатарына шақырылғанда көмегі үлкен болды. Енді қазір осы клубта өзім балаларды жаттықтырамын.

Жанғали Ахметов, студент:
Клубқа былтыр келдім. Ұнайды. Әскери дайындық, спортпен айналысамыз. Оқуды бітіргесін әскерге барамын. Сол кезде көмек болады деп ойлаймын.

Айту керек, клуб мүшелерінің алдында тұрған тағы бір маңызды мақсат бар. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тауып, жерленбей қалған жауынгерлердің сүйегін іздестіру жұмыстарымен айналысады. Биыл әскери-патриоттық клуб мүшелері жиырмасыншы рет Ресейдің Новгород облысына бармақ. Ал осы сапарлар кезінде табылған құнды жәдігерлер клубтың мұражайында қойылған.

 
Айымгүл Әбілева