Балалар

Белсенді жастар тәжірибе алмасты

 
 

 

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 13 мыңнан аса болашақ маман оқып жатыр. Мұнда студенттердің сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Студенттердің семестр бойы жинаған ұпайларын, емтихан күндерін ата-аналары оқу ошағындағы Wap-портал арқылы біліп отырады дейді СҚМУ проректоры Мүкарам Тайжанова.

Мүкарам Тайжанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:
– Университетте Wap-портал- Инновациялық жобасы іске қосылған. Аталмыш жоба студентке, оның ата-анасына ұялы телефон арқылы емтихан кестесін, рейтинг ұпайларын, аттестация нәтижелерін көруге мүмкіндік береді.

Тимур Исманов 2-ші жыл облыстық жастар саясатымен айналысып келеді. Осы уақытта ол көптеген жаңа идеяларды іске асырып, өңірде жастар саясатының дамуына өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі отырыста ол өз жобасы аясында студенттерді жұмыспен қамту мәселесін сөз етті.

Тимур Исманов,  СҚО жастар мәслихатының депутаты:
– Біріншіден, бұл жоба жастарды жұмыспен қамтуға арналған. Сонымен қатар, жастар кадрлық орталығы студенттерді қоғамдық жұмыстарға тартуға үлесін қосатын болады. Алдағы уақытта мемлекеттік ұйымдармен тығыз жұмыс жасауды көздеп отырмыз.

«Шұғыла» жастар орталығы Қостанай облысы Амангелді ауданында 2007 жылдан бері жұмыс атқарып келеді екен. Ұйымда жастар қоғамдық істерге тартылып, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады дейді орталық директоры.

Нұрлыбек Тажин, «Шұғыла» жастар орталығының директоры, Қостанай қаласы:
– Аудандағы барлық жастар мәселесі, олардың қоғамдық белсенділігін атқару үшін сенбілік, ауданда өткізілетін барлық іс-шараларды «Шұғыла» жастар орталығы ұйымдастырады. Бұл біздің мақтанышымыз, себебі дәл осындай жастар орталығы Қазақстанда, Қостанай облысында, оның ішінде Амангелді ауданында ғана бар.

Сонымен қатар отырыста мемлекеттік жастарды қолдау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы жастардың рөлін арттырудың жолдары қаралды

Әсел Күшенғалиева