Мәдениет

Жаңа қойылым



 

Ауыл тұрғыны Никанор суретші болуды армандап өткен. Уақыт өте келе жалғыз қызы Катяның осы өнерді меңгеруін қалайды. Ауылына қылқалам шебері Владимирдің көшіп келгенін естіп, өзінің жанұялық проблемасын суретші арқылы шешпек болады. Қойылымның жанры комедия болғанымен астарында терең ой жатыр. Комедияның басты рөлдерінің бірі Ярослав Чумакқа тиген. Актер өзіне тапсырылған образды жақсы сомдап шықты.

Ярослав Чумак, актер:
Никанордың рөлі жаныма жақын болғандықтан, соны сомдадым. Бұл комедияда біз махаббатқа баса назар аудару керектігін көрсетеміз. Себебі, отағалары өздерінің армандарына жету үшін, жарларына көңіл бөлу керектігін ұмытып кетеді. Біз осы қойылыммен көрермендерге терең ой тастаймыз.

Басты рөлді төрт актер сомдайды. Қоюшы режиссер Виктор Шалаев комедия көңілімнен шықты деп отыр.

Виктор Шалаев, қоюшы режиссер:
– Маған бұл комедияның мағынасын түсіндіру оңай емес.
Оны әр адам көзбен көріп, өзіне ой түюі тиіс. Пьеса махаббат жайында. Олардың қарым-қатынасы мен әзіл-қалжыңында орын алады.

Бұл спектакль биыл құрылғанына 125 жыл толатын  театр ұжымының көрерменіне жасаған сыйы.

Маған актерлердің рөлдері ерекше ұнады. Әрі образға кіріп, біздерді күлкіге қарық қылды.
Қойылым керемет болды. Актерлер шебер екендерін көрсете білді. Ауылда тұратын қыздың үлкен өмірге аяқ басуы оңай бола бермейді. Мұндай сәттер өмірде де кездесіп жатады.  

Театр жоспары өте ауқымды. Ұжым алдағы уақытта өз көрермендерін жаңа қойылымдармен қуантпақ.

Гүлбану Ахметова