ТКШ

Газ қымбаттайды



 

Өткен жылдың қараша айынан бастап өңірімізге жеткізілетін сұйықталған газдың бағасы көтерілген болатын. Бұрынғы тариф бойынша көгілдір отынның 1 тоннасы – 63 мың теңге болса, енді 80 мыңға дейін жетіп отыр. Яғни аймағымызды газбен қамтушы «Теңізшевройл» компаниясы бағаны 25 пайызға арттырған. Осыған байланысты «Горгаз-Сервис» мекемесі де 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап тұтыну бағасын көтеретіндігін мәлім еткен еді.

Марат Мұстафин,табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департамент директоры:
– Облыс басшылары, қала басшылары мұнай және газ министрлігіне, «Теңізшевройлға» біраз өтініш жасады. Бағаны түсіру туралы. Декабрь айынан бастап баға өзгерген жоқ. Бірақ әрі қарай ұстай берсек, қала газсыз қалуы мүмкін. Сондықтан тарифтер өспек.

1 сәуірге дейін тұрғындар газдың текше метріне 396 теңге төлемек. Ал одан кейін бұл баға 475 теңгені құрайтын болады. Демек, көгілдір отынның құны 79 теңгеге көтерілмек. Бұл «Горгаз-Сервис» мекемесінің шығынын азайтып, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді дейді Дмитрий Суворов.

Дмитрий Суворов, «Горгаз-Сервис» ЖШС директорының орынбасары:
– Тарифті жоғарылатпаған жағдайда компанияның шығынын одан сайын көбейту қаупі бар.
Алған несиені төлеу да қиынға соғар еді. Аймағымызға жеткізілетін көгілдір отынның бағасы артқандықтан, тарифті көтеру қажеттілігі туып отыр. Қазіргі таңда өңірімізге газ графикке сай жеткізіледі.

Тұтушылардың «Горгаз-Сервис» ЖШС алдындағы борышы 50 млн теңгеден асып отыр. Сондықтан бұл жағдайға тұрғындар да бей-жай қарамайды.

Газ бағасының өсуі,әрине, алаңдатады. Бұл жанұямыздың шығындарын арттырады деп ойлаймын. Дегенмен қажетті шара екенін түсініп отырмыз.
Тарифтердің көтерілуі заңды құбылыс. Сондықтан қалтамызға әсерін тигізбейді деген ойдамын.

Инеш Шоқақова