Мәдениет

Жас сахнагерлер байқауы

 

 

Ұлттық киімдермен, актерлық шеберліктерімен ерекше көзге түскендердің бірі  Мамлют ауданының өнерпаздары. «Жалын» жасөспірімдер театрының шығармашылық тобы көрермен қауымға «Біздің кішкентай ауыл» қойылымын тарту етті. Шығармада кәріс қызына ғашық болған қазақ жігіті жайлы баяндалады. Екі жастың үйленіп, бақытты ғұмыр кешуіне жігіттің анасы қарсы болады. Бір-бірінің мәдениетімен жақсы танысып, сыйлап, тату-тәтті өмір сүріп келген ауыл тұрғындары бұл жұпқа көмектеспек болып, жоспар құрады. Ақыры ақ жаулықты ана ұлының таңдауына көніп, батасын береді. Басты кейіпкердің образына енген Тұрлыбек Шаймұрат өнердің бұл түріне 1 жыл бұрын бет бұрған екен. Аз уақыт ішінде осындай үлкен сахнада шеберлік көрсету үлкен жетістік дейді ол.

Тұрлыбек Шаймұрат, «Жалын» жасөспірімдер театрының актеры, Мамлют ауданы:
– Мен бұл қалада бірнші рет шығып тұрмын.
Үлкен сахна. Қобалжу болды. Бірақ оған төтеп беріп, жақсы ойнап шықтым деп ойлаймын.

Өзге ұлт өкілдерінің рөлін ойнау оңай болмаған көрінеді. Қойылымды ойдағыдай саханалау үшін ұжым біраз еңбектеніпті.
 
Неміс адамның рөлін шығару үшін неміс мәдениетімен таныстым. Ол жайлы көп кітаптар оқыдым.
Бүгін «Біздің кішкентай ауыл деген спектакль ойнадық. Спектакльде біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұратындығын, біздің бірлігімізді көрсеттік.  

Жылдан-жылға фестивальға қатысуға ниет білдіретіндердің саны артып келеді дейді ұйымдастырушылар. Биылғы сын қала және аудандардан келген 17 шығармашылық ұжымның басын қосты. Әрбір қатысушы үшін бұл актерлық шеберлігін көрсетуге жақсы мүмкіндік

 – Мен бұрыннан бері актер болуды армандадым. Міне енді сол арманымды жүзеге асырып келе жатырмын. Мен өскенде атақты ақтер болғым келеді
Түрлі пьесаларға қатыстым , сахнаға шыққанда мен өзімді жақсы ұстап, жақсы көрсете білдім.
Бұндай байқаулар көп бола берсін. Бұл біздің өнерімізді көрсетуге мықты мүмкіндік.

Айдана Демесінова