Спорт

Гір көтерушілер мен боксшы қыздар сайысы

 

 

 

Аймақ намысын 30 сайыскер қорғады. 73 кг салмақта бақ сынаған спорт шебері Алексей Горобченко алтыннан алқа тағынса, 78 кг дәрежедегі Александр Марчук күміске ие болды. үздік үштікті 63 кг салмақтағы Бауыржан Баяхметов қорытындылады.

Ал  Тараз қаласында бокстан ел чемпионаты өтті. Бұл жолы шаршы алаңда нәзік жандар қолғап түйістірді.

 

25 спортшы қатысқан байрақты додада өңір намысын Зайра Касьянова қорғады. Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі турнирде қола медальды иемденді. 57 кг салмақта күш сынасқан ол ақтөбелік қарсыласын тізе бүктірді. Ал жартылай ақтық сынға мүдірмей өтсе де, шешуші сәтте тараздық былғары қолғап шеберіне жол беріп алды.

 Гүлбану Ахметова