Спорт

Аула клубтары арасындағы біріншілік

 

Мадина Хасенованың үстел теннисіне ден қойғанына 3 жылдан асты. Қызылжар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің намысын арқалап келген жас қыз үш кездесудің екеуін сәтті ойнап, ақтық сынға жолдама алды. 

Мадина Хасенова, Қызылжар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
Қарсыластарым осал болған жоқ. Намысты қолдан бермеуге тырыстым.

Теннис ойынының талабы бойынша қарсыластар арасында 5 партия өтеді. Кемінде үш кездесуде басымдық таныту керек.

Ирина Пюрко, қалалық әкімдіктің балалар мен жасөспірімдер орталығының мектептен тыс қосымша білім беру мұғалімі:
– Наурыз мерекесіне орайластырып, кезекті ашық турнирді үстел теннисі мен мини-футболдан өткізіп отырмыз.
Мұнда қатысушылар саны көп. Жарыс 70-ке жуық спортшының басын қосып отыр.

Сонымен қатар футболдан ашық біріншілік өтуде. Онда аула клубтарынан 16 команда сынға түседі.   «Жеңіс» және «Юность» аула клубтарының арасындағы ойында алғашқы таймның нәтижесі бойынша «Жеңіс» топ бастап келеді.

Жасұлан Зарапов, «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
Спорттың денсаулыққа тигізер пайдасы зор. Бүгінгі жарысқа қатысу үшін біз көп дайындалдық. Жеңіске жетсек деген үміт басым.

Жарыс нәтижесі наурыздың 29-ы күні белгілі болмақ. Жеңімпаздарды дипломдар мен бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

Әспет Әбдірешова