Мәдениет

27 наурыз – Халықаралық театр күні


 

Бүгінгі күні сахна өнерінің ұрпақтар сабақтастығын сақтай отыра көрерменге адамгершілік, рухани құндылықтарды жеткізуде мәні айырықша. Осынау қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер салсы қызметкерлерін халықаралық театр күнінде облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Айтулы мерекенің еліміздегі өнер сүйер қауым үшін маңызы ерекше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің мәдениет пен өнер саласын дамытуға үлес қосқан дарынды тұлғалармен жыл сайын кездесуі – оларға көрсетілетін үлкен құрметтің белгісі. Бүгінгі мереке күні Сіздерге шығармашылық табыс, отбасында береке-бірлік тілеймін.

Өткен жыл өңірдегі театр ұжымдары үшін табысты болған. Көрермен назарына 600-ден астам қойылым ұсынылыпты. Өнерсүйер қауымды қуантып жүрген сахна саңлақтарының кәсіби шеберлігі халықаралық фестивальдерде жоғары бағаланған. Ал биыл Н.Погодин атындағы орыс драма театрының құрылғанына 125 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай облыс әкімі өнер ошағының ұжымына автокөлік кілтін табыс етті.  Мерекеге орай бір топ театр қызметкерлері облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында жас актер Асылхан Разиев те бар. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында жұмыс істеп жүргеніне үш жыл болған актер еңбегінің бағаланғанына қуанышты. Өнер ошақтарының биылғы жылға жоспарлары да үлкен. Олар көрермен қауымға жаңа қойылымдар ұсынбақ.
Осылайша сахна шеберлері алдағы уақытта да жұртшылықты тың туындылармен қуанта бермек.

Айымгүл Әбілева