Қоғам

Мерейтой иесін Елбасы құттықтады

 

 

 

Жақсылық Ысқақов Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын және Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясын тәмамдаған. Кейін жоғары партиялық мектепке түсіп, оны аяқтаған соң еңбек жолын Полудинде агроном болудан бастапты. Әр жылдары түрлі жауапты қызметтерді абыройлы атқарып, Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Өңіріміздің өркендеп, дамуына мол үлес қосқан Жақсылық Ысқақовты 80 жасқа толуымен облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Жақсылық Ғабдоллаұлы Солтүстік Қазақстан  өңірінде көп жақсы-жақсы жұмыстар, бағдарлама бойынша іске асырып, көп жұмыс істеді. Мен жас маман болып, осы облыста бастап жұмыс істегенде Жақсылық Ғабдоллаұлы облыстық атқару комитетінің бірінші орынбасары болып, маған көп көмек жасап, көп жұмыстар істелінген.

Облысымыздың құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов ауыл шарашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Мерейтой иесіне Елбасы құттықтау жолдапты. Оны еңбек ардагеріне аймақ басшысы тапсырды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Құрметті Жақсылық Ғабдоллаұлы, Сізді 80 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Білікті маман ретінде ауылшаруашылығы саласының дамуына лайықты үлесіңізді қостыңыз. Еңбегіңіз әр жылдары еліміздің мемлекеттік наградаларымен аталып өтті. Әрдайым денсаулығыңыз мықты болып, өмірдің бақытына, бала-шағаңыздың қызығына бөлене беріңіз!

Мерейтой иесі облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Ал облыстық комсомол ардагерлердің кеңесі қоғам қайраткерінің өмір жолы туралы кітап басып шығарыпты. Жинақ залдағы меймандардың барлығына таратылды. Бұл күні Жақсылық Ысқақовты құттықтап жылы лебіздерін білдіруге замандастары келген.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Құрметті Жақсылық Ғабдоллаұлы, бүгін Сіз 80  жасқа толып отырсыз.
Осы жасқа Сіз үлкен абыроймен, беделмен келдіңіз. Сіздің қажырлы, жасампаздық еңбегіңіз ел есінде. Оған кезінде алған «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендеріңіз бен медальдарыңыз дәлел.

Зейнолла Олжабаев, зейнеткер:
Бұл кісінің өмірі ұзақ болсын! Дені сау болсын. Бүгінгі сіздердің жасап жатқан құрметтеріңіз өздеріңіздің алдарыңыздан шықсын. Бақытты бол, азаматтардың алдында үлгі болып жүре бер!  

Жақсылық аға қуанышына ортақтасқан достары мен кейінгі буын өклідеріне алғысын жеткізді.

Жақсылық Ысқақов, СҚО құрметті азаматы:
Осы жердің суын ішкен, осы жердің нанын жеген кісілердің барлығы елге абырой, елге жақсы, елге қуаныш. Секе, айналайын, саған көп рахмет! Егер сен болмасаң, сен әкім болмасаң осындай дәрежені көтеріп, осындай шараны кім жасар еді?!

Жақсылық Ғабдоллаұлы қоғамдық шаралардан қалыс қалып көрген емес. Ол алдағы уақытта да осы бағыттан таймауға уәде етті.

Айдана Демесінова