Қоғам

Майдангерге медаль тапсырылды

 

 

Биыл Әбілмәжін Бәшіров 95 жасқа келіп отыр. Ұлыстың ұлы күнімен атақты 314-ші атқыштар дивизиясының көзі тірі жалғыз жауынгерін аймақ басшысы Серік Біләлов құттықтады. Ұлы Отан соғысы ардагерінің кеудесіндегі Даңқ ордені, ондаған кеуде белгілерімен қатар енді “ҚР тәуелсіздігіне – 20 жыл” медалі жарқырайтын болады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Сізге зор денсаулық. Көп рахмет сізге. ауырмай-сырқамай біздің жанымызда болыңыз. Рұқсат болса Сізге осы медальді тағып берейін.

Отанын жаудан қорғауда асқан ерлік танытқан  жерлесіміз соғыстан елге аман оралған соң күйреген экономиканы көтеруге  үлес қосты. Саналы ғұмырының 35 жылында шойын жолда талмай еңбек еткен. 1 ғасырға жуық ғұмыр кешкен қария өзі жеңіс сыйлаған елінің құрметіне дән риза.

Әбілмәжін Бәшіров, соғыс ардагері:
Мейрам бәріңе табысты болсын. Денсаулықтарың күшті, сау-саламатта болыңдар Елге елеулі, халыққа қалаулы азамат болыңдар.

4 ұлын ұяға,  2 қызын қияға қондырып, 16 немере,  13 шөбере сүйген ақылгөй ата бүгінгі өміріне шүкіршілік етеді.

Жеңіс Ермұқанов