Балалар

Жастар бірлікке шақырады



 

Еңсесі биік, босағасы берік елдің ең басты қазынасы – бірлігі жарасқан берекелі халық. Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ жерін мекендейтін ұлттардың достығының айнасы іспеттес алтын шаңыраққа айналған. Ауызбіршілікке шақыратын қоғамдық институттың шаңырағы астында тоғысқан өңірдің белсенді жастары осы тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Сергей Вирт, Петропал құрылыс экономика колледжінің студенті:
Бізде ұлттар мен ұлыстар көп. Алайда әрбірінің тілі, діні, салты, мәдениеті, тарихы әрқилы болғанымен жіктелуге болмайды. Ең бастысы біз туған отанымызды сүйетін қазақстандықпыз. Ортақ үйіміздің тыныштығын сақтап, құтты мекенге айналдыру мақсатына бір ананың балаларындай жұмылғанымыз игі болады.

Бірлік түбі береке екендігін жақсы түсінетін Надежда Мигаль Ассамблеяның ұлттық дәстүрді жандандыруға бағытталған жұмысына риза.

 

Надежда Мигаль, “Коперник” поляк мәдени орталығының мүшесі:
– Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дейді. Мен Қазақстанда тұрсам да, ана тілімді жетік меңгеріп жүрмін. Өткенсіз болашақ жоқ. Өз тарихымды, мәдениетімді оқып жүрмін. Бұған еш шектеу жоқ. Керісінше үлкен қолдау көрсетіледі.
Түрлі ұлттан достарым көп. Бәрінің де айтатыны осы. Ұлтаралық келісім орнатуда бұның мәні зор.

Тарих пәнінің мұғалімі Рахима Ерікбаева кезінде саяси қуғынға ұшыраған өзге ұлт өкілдерін қазақ жері құшақ жая қарсы алды дейді. Бүгінде олардың  ұрпақтары қоғаммен біте қайнасып, туған елінің жарқын болашағын бірге қалап жүр.

Рахима Ерікбаева, Пеньков орта мектебінің оқытушысы, Қызылжар ауданы:
Біздің мектеп көпұлтты. Қазағымен қатар орыс, украин, татар, неміс, тағы басқа ұлттың балалары оқиды. Бәрі достық қарымқатынаста. Бір-бірін жақсы түсінеді. Бүнысы дұрыс, елдің болашағы осы жастардың қолында.

Достықтың қасиетін жоғары бағалайтын белсенділер осы тектес кездесулерді аудандарда ұйымдастырмақшы.

Жеңіс Ермұқанов