Қоғам

Наурыз мейрамының бағдарламасы

 

 

 

Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурызды тойлауға санаулы күндер қалды. Мерекелік думан мен шат-шадыман күлкіге толы болатын орталық алаңда дайындық жұмыстары басталып та кетті.

Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
-22 наурыз бес алаңда өтеді. М.Жұмабаев көшесінде, Конституция көшесінде, Заречный кентінде және де көлік прокуратурасының алдында. Бұл жерлерде, бүкіл жерлерде киіз үйлер құрылады.  

Бұл күні қала көшелерінің бойына ақ шаңқан киіз үйлер тігіледі. Алтыбақан орнатылып, қазан қайнайды. Өнер ұжымдары да халыққа жақсы көңіл-күй сыйламақ. Ал білекті мен белділер спорттық жарыстарда күш сынасып, сыйлықтарды жеңіп ала алады.  

Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
М.Жұмабаев көшесінде ұлттық ойындар өтеді және де әдейілеп бөлінген алаң болады. Қазақ халқының ойындары, дәстүрлерін көрсететін ерекше алаң болады. Бүгінгі күні дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар Наурыз мейрамын тойлауға әркім өзінше атсалысатындығын айтады.

Жақсы тойлаймыз ғой. Күн мен түннің теңелген тойы,  бұрынғы кездегі жаңа жыл сияқты ғой. Соны тойлау енді біздің міндет қой
– Наурыз мерекесін жыл сайын тойлаймыз. Үйде дастарқан жайылады. Қонақ келеді, туыстарымыз келеді. Бір-бірімізді мерекемен құттықтаймыз.

Ал солтүстікқазақстандық бүлдіршіндер үшін биыл алғаш рет 1,5 метрлік торт дайындалып жатыр. Тәтті тағам 22 наурыз күні Қазақстан Конституциясы көшесінде тегін таратылады.

 Әспет Әбдірешова