МТРА жаңалықтары

КТК-ның Наурызға арналған ойыны


 

Қазақ КТК ойындары облысымызда 5-ші жыл қатарынан өтуде. Колледж студенттері және мектеп оқушылары бас жүлдеге таласты. Ойынның шарты бойынша әзілқойлар ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туаралы қалжың айтып, жиналған қауымның езуін жинатпауы тиіс .
  
Айтмұханбет Көлбаев, “Жеті жұлдыз” командасының мүшесі, Астана қаласы:
Біз Птеропавлға бір мақсатпен келдік. Бізді Наурыз мейрамы қарсаңында КВН-ға шақырды. Астанада екі кубокты жеңіп алғанбыз. Петропавлдан 60 шақырым жерде әкімнің кубогы болады ертең. Алла жазса,  сонда барамыз.Бүкіл командаға сәттілік тілейміз. бәріміз жеңеміз деп ойлаймын.

 Командалар екі кезең бойынша сынға түсті. Әуенді сәлемдесу және 5 қызықты жаңалық. Фестивальдің   талабы өте жоғары. Тіл тазалығы, сахна әдебі, көрермен қолдауы. Сонымен қатар бұрынғы әзіл- қалжыңдарын қайталамауы тиіс.

Әсем Сүлейменова, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім бастығы:
-Бұл ойынның ерекшелігі биылғы жылы еліміздің Астана “Жеті жұлдыз” және “Арқалық ұландары” командасы қатысатын болады. Қазақша КВН өткізу мақсаты жастар уақыттарын тиімді пайдалану. Сонымен қатар өңірімізде қазақша КВН-ді дамыту болып табылады.  

Астанадан келген “Жеті жұлдыз” құрамасы көрермендердің көңлінен шыға білді.

– Маған бүгінгі КВН ұнады. Астанадан командалар қатысуда. Біздің өңірден «Мағжан жастары» қатысты. Өте жақсы өтті. Өздерін таныстырулары мен жаңалықтары өте қызықты болды.
– Солтүстік Қазақстанда КВН өткізіліп жатқаны өте жақсы. Әзіл-сықақтарының мәні, мағынасы бар. Жастарды жақсылыққа, алға итермелейді.

  Астана қаласының “Жеті жүлдыз” құрамасы мен Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия ойыншылары “Наурыз- 2012” кубогының жеңімпаздары атағына ие болды.

Гүлбану Ахметова