Спорт

Көркем гимнастикадан облыс чемпионаты

  

 

Көркем гимнастикадан ашық чемпионат өткізу өңірімізде жақсы дәстүрге айналған. Бұл жолғы жарыс келе жатқан Наурыз  мерекесіне орайластырылыпты. Облыстық ашық чемпионатта 80-нен астам спортшы бәсекеге түспек. Олар 8 жас ерекшелігі бойынша бағын сынайды.

Мария Небывайлова, жарыстың бас төрешісі:
– Жас ерекшелігіне қарай қатысушылардың арнайы бағдарламасы бар. Мәселен, спорт шеберіне үміткер қыздар арнайы шеңберлермен, доптармен және басқа да заттармен мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс. Ал кішкентай қыздарға мұндай талап қойылмайды.

Сайыскерлердің қатарында Астанадан келген үміткерлер де болды. Дәл осы құраммен өнер көрсетіп жүргеніне бір-ақ ай болыпты. Алайда қол жеткізген жетістіктері жаман емес. Жуырда ғана бұл қыздар Степногорск қаласында өткен жарыста 2-ші орынға ие болған. Елорданың намысын қорғап келгендердің бірі – Ақбаян Айтжанова. Ол спорттың бұл түрімен 5 жыл айналысып келеді. Спорт шеберіне үміткер 15 жасар қыз осындай додалар шеберлікті шыңдауға септесетіндігін алға тартуда

Ақбаян Айтжанова, жарысқа қатысушы, Астана қаласы:
– Кішкене қорықтық басында. Бірақ  қалай дайындалдық соны істедік деп ойлаймыз. Ендігі жарыстарда одан да жақсы болады деп ойлаймыз. Әлі ертеңгі күніміз бар. Соған дайындық жүріп жатыр. Қазақстан чемпионатында спорт шебері атануға үмітіміз зор. Соны алуға тырысамыз.

Көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат 3 күнге жалғаспақ.

Айдана Демесінова