Құқық қорғау органдары

«Іздеу» шарасы

 

 

 

Бүгінгі таңда облыста түрлі санатта қылмыс жасаған 72 адамға іздеу салынса, 58 -і із-түссіз жоғалғандар қатарында. «Іздестіру» шарасының барысында тәртіп сақшылары тек республика аумағында ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде қылмыс жасаған азаматтарды іздестіруді көздеген.

Руслан Мұжұбаев, СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:
– Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан  және басқа да ТМД елдерінің ішкі істер министрліктері жасаған келісім бойынша наурыздың 12-нен бастап республика аумағында «Іздестіру» жедел алдын алу операциясы өткізіліп жатыр.

Ресейлік әріптестерінен түскен ақпарат бойынша облыс полицейлері Қорған қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Өткен жылдың жазында өзінің әйелін ұрып өлтірген қылмыскер жауапкершіліктен қашып жүрген. Бұған дейін іздеуде жүрген қылмыскерді Петропавлда патрульдік полиция қызметкерлері құрықтады. Алдағы күндері ол Ресей сақшыларының қолына тапсырылады.

Руслан Мұжұбаев, СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:
– Операцияның екі күні ішінде бұрын жасалған 10 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды. ТМД елдерінде іздеу жарияланған қылмыскер ұсталды. Із- түзсіз жоғалған 11 адам табылды.  

«Іздестіру » шарасы 16 наурызға дейін жалғаспақ.

Әспет Әбдірешова