Спорт

Әуесқой жүзгіштер жарысы

 

 

«Әуесқой жүзгіштер» жарысы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Оған аулалық клубтардың 13-15 жас аралығындағы мүшелері қатысуда. Бұл жолы сайысты қыздар бастады. «Юность» клубының мүшесі Татьяна Иванова белгіленген қашықтықты бірінші болып бағындырды. Оның жүзу спортымен айналыса бастағанына 5 жылдай болыпты.

Татьяна Иванова, «Юность» балалар және жасөсіпірімдер клубының мүшесі:
– Мен бүгінгі жарысқа бағымды сынап көру үшін келдім. Мәреге бірінші болып жеткен себебім, суды жан тәніммен сезінуімде. Мен «Юность» клубында 4 жылдан бері вокал, суда жүзу үйірмелеріне қатысып жүремін.  

Жарыс шарты бойынша қыздар -25, ал, ұлдар 50 метр қашықтықты жүзіп өтулері тиіс. Әр клубтан 6 жасөспірім қатысты. Игорь Стельмах 36,13 секунд көрсеткішімен мәре сызығына бірінші болып жетті.

Игорь Стельмах, «Жас батыр» балалар және жасөсіпірімдер клубының мүшесі:
– Мұндай жарыстар біз үшін пайдалы. Себебі, өз қатарластарыңмен сайысқа түсіп, мықтыны анықтайсың, жаңа достар табысың. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп дайындалған дұрыс.  

«Әуесқой жүзгіштер» жарысы осымен облыс орталығында 8 жыл қатарынан өткізілуде. Салауатты өмір салтын ұстанған жасөсіпірімдер өз еріктерімен жарысқа қатысып отыр.

Ольга Сокол, қалалық әкімдік жанындағы мектептен тыс жұмыстар жөніндегі балалар-жасөсіпірімдер орталығының әдіскері:
– Бүгінгі өткізіліп жатқан жүзу жарысында балалар өздеріне берілген қашықтықты бағындыруы тиіс. Жастар салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Сонда олардың денсаулықтары жақсы болады.  

Жарыс жеңімпаздары грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлбану Ахметова