Спорт

Белбеу күресі

 

 Бұл сайыста Павел Бледнов  Қазан қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды. Павел соңғы жеті жыл бойы спорттың осы түрімен шұғылданып келеді. Күн сайынғы екі сағаттық жаттығулар өз нәтижесін берді. Павлодарда өткен ел чемпионатында  90 килограмм салмақта тек ақтөбелік әлем чемпионатының жүлдегерін алға жіберіп, күміс алқаны жеңіп алды.   авел Бледнов, облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша БЖСМ  тәрбиеленушісі:

 П

-Төрт рет белдестім.Менің салмағымда 12 балуан болды. Ең қиын белдесу ақтық  сайыста болды. қазір Қазанда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатырмын.

Қанат Мұсұрманқұл бұл жарыста 85 кг салмақта өнер көрсетіп, қола алқаны еншіледі.   Белбеу күресінен өткен ел чемпионатына 342 балуан қатысты. Солтүстік Қазақстаннан төрт спортшы барған болатын.  Бапкерлердің айтуларынша , біздің облыста бұл спорт түрі соңғы бес жылда дами бастады. Қазіргі күні облыстық  ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде белбеу күресімен 20-дан астам бала айналысып жүр.