Қоғам

Әскери десант



 

Жиылғандар «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында жастардың патриоттық тәрбиесі» тақырыбында ой бөлісу үшін бас қосты. Облысымызға жұмыс сапарымен келген меймандар маңызды құжатта айқындалған негізгі міндеттер жайлы баяндап, оның мағынасын түсіндірді. Олар қатардағы жауынгерлер арасында ғана үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбей, барлық әлеуметтік топтармен кездесуді жоспарлап отыр.

Мұхаметқали Сатов, ҚР ІІМ ІӘ Комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқармасының бастығы:
-Экономиканы көтеру үшін бізге патриоттар керек. Қазақстандық патриоттық сезімді тәрбиелеу біздің бірінші міндетіміз. Оны біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында айтты. Қазақстан патриотзмін көтеру керек, тәрбиелеу керек халықтың арасында және жастардың арасында.

Бүгінгі дөңгелек үстелге ардагерлер, жастар, нұротандықтар, қоғамдық ұйымдар және әскери құрылымдар өкілдері қатысты. Азаматтардың бойынан отансүйгіштік қасиетті ояту ісі, әсіресе, әскери қызметкерлерге жақсы таныс.

Нұржан Мұқашев, 6637 ә/б жедел мақсаттағы 1-рота командирінің орынбасары:
– Біздің алдымызда Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге келетін өскелең ұрпақ бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту міндеті тұр. Бұл сарбаздардың болашақта өз балаларын отансүйгіштікке тәрбиелеп, жақсы қасиеттерді дарытуға септеседі.

Жастар елдің болашағы, ендеше осындай шараларға әсіресе кейінгі толқын өкілдерін тарту маңызды. Сондықтан да жиылғандардың  дені өскелең ұрпақ болды.

Максим Арогалинскас:
– Патриоттар Отанын сүйіп, оны қорғау керек. Мұндай шаралар отансүйгіш жастардың санын арттыруға септеседі.

Ақпарат -насихат тобы өңірімізде 1 апта бойы жұмыс жасамақ. Осы уақыт аралығында меймандар ауыл тұрғындарына да Жолдауда айқындалған міндеттерді түсіндірмек.

Айдана Демесінова