Спорт

Универсиада-2012 аяқталды

 

 

 

12 күн бойы Қазақстан студенттері 4-ші қысқы универсиаданың жеңімпазы атану  үшін әділ бәсекеге түсті. Биылғы додаға 30 ЖОО құрамалары , 8 спорт түрінен  – футзал, армрестлинг, пауэрлифтинг, қысқы спортты бағдарлау, президенттік көпсайыс, шаңғы жарыстары және гір көтеруден күштерін сынап, бүгін марапаттау рәсіміне жиылды.

Бауыржан Рамазанов, Білім және ғылым министрлігі дене тәрбиесі ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:
– Өткен универсиадада 27 болған, биыл 30 университет.
Қазір да қатысушылар саны көбейіп келеді. 1200-ден аса спортшылар мен жаттықтырушылар келді. Бүгін 6 универсиетті диплом, грамоталармен марапаттаймыз.

Турнир барысында 55 алқа сарапқа салынды. Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңіс тұғырының 3 орынын Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Павлодар педагогика институты бөлісті.

Бек Асылбеков, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті спорт клубының төрағасы:
Жетістіктеріміз өзімізге жақсы деп ойлаймын. Осында келген университеттердің командалары өте жоғары дайындықта екені сезіледі. Сондықтан 3-ші орын алып жатқанымызға өте қуаныштымын.

Өңір студенттеріне көш бастауға 4 ұпай жетпей қалып, күміс алқа иеленді. Биылғы олқылықтарын түзеп, келесі жарыста тек жеңіс тұғырынан көрінетін боламыз дейді құрама мүшелері.

Ербол Исатаев, СҚМУ бұқаралық спорт жұмыстарының маманы:
– 15 жарыстан жалпыкомандалық есеп бойынша 2-ші орынды алдық. Соған өте қуаныштымыз. Келесі универсиадаларға жақсылап дайындалып, шаңғы спортын көтерсек, бірінші орынға үміттенуге болады.

4 дүркін универсиада жеңімпазы бұл жолы да басымдықтарын дәлелдеп кетті. Осылайша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті алтынды алқалады.

Василий Русанов, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі:
– Спортшылар жеңіске жеткеніне өте қуанышты.
Студенттеріміз команданы алға сүйреп, тек жеңіс үшін күш салды. Еңібектері ақталды.  

Байрақты доданы талапқа сай ұйымдастыруға атсалысқан М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Оңдасын Әшімовке естелік медаль сыйға тартылды. Құрметке бөленгендердің қатарында турнирдің өту барысынан жылдам әрі нақты хабар таратқан  Муниципалдық телеарнаның тілшілері де бар.
Келесі универсиаданы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогика университеті өткізеді.

Әсел Күшенғалиева