Денсаулық сақтау

Тұмаудың екінші толқынына қарсы шаралар



 

Өткен аптада өткір респираторлық ауру қоздырғышын  жұқтырған 2007 сырқат тіркелген, оның 1645-і қала тұрғындары, 6-уы тұмауға шалдыққан. Тұмаудың алдын алу шаралары да жүргізілуде. Биыл қорғаныш дәрі-дәрмек егетін азаматтардың саны былтырғыдан 5 есеге артқан.

Юрий Пузиков, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
– Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері созылмалы ауруға тез шалдығатындарға, бүлдіршіндерге, оқушыларға өткір респираторлық вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер егілді. Биыл 65 мың адам ем алды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл  5 есеге артық.

Өткір респираторлық-вирустық аурудың екінші толықыны көктем келсіміне басталады. Эпидемиологиялық маусымның екінші кезеңінде 1800-ге тарта адам дәрігердің көмегіне жүгінген.

Юрий Пузиков, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
– Қала бойынша сырқаттанғандар көсеткіші 82 пайыз, оның 71 пайызы балалар, ал 53 пайызы мектеп жасындағылар.  

Күніне орта есеппен 15 бүлдіршін ыстығы көтеріліп, дәрігер  көмегіне жүгінеді екен.

Лариса Афанасьева, Петропавл қалалық балалар емханасының фельдшері:
– Бізге қарасты аумақ бойынша күніне орта есеппен 17 шақырту қоңырауы түседі. Кеше 18 шақырту түскен. Оның 14-і алғашқы шақыртулар, ал  4-і  активті қабылдаудағы балалар.

Қаңтар айының 1-нен мамыр айының 1-не дейін өткір респираторлық вирустың күшейетін кезеңі. Өткен жылғы эпидемиологиялық маусымда 123 адам вирус жұқтырса, биыл 19 адам ғана дәрігердің көмегіне жүгінген.