Ауыл шаруашылығы

Шошқа шаруашылығын дамыту

 

 

 

Біздің өңірде шошқа шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол дейді мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Виктор Сиволап. Бірінші кезекте аграрлық өңір болғандықтан мол астық өсіру шошқа басын көбейтуге жағдай туғызады. Десек те, соңғы жылдары аталған саланың мейлінше кенжелеп қалғаны рас. Бүгінде облыста 280 мың шошқа өсіріледі. Бұл тоқсаныншы жылдардағы деңгейдің 60 пайызы.

Виктор Сиволап, СҚ мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мал шаруашылығы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері:
-Бүгінде нарықта қазіргі заманғы жем-азық қосындыларының түр-түрі бар. Осындай азықты пайдаланған кезде мал тәулігіне орташа алғанда 500 грамға дейін салмақ жинайды. Ал малға мұндай жем-азық берілмейтін шаруашылықтарда олар 200 грамм шамасында ғана қосады. Бұл мал өсіруде жем-азық базасының рөлі үлкен екенін айғақтайды.  

Ғалымдардың пікірінше, шаруашылықтарда ресурс үнемдеу технологияларын пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде үздік әлем стандарттарына сай ет өндіруге мүмкіндік береді. Әдетте технологиялар үлкен шығынды қажет етеді. Дегенмен, осы күні олар шошқа өсіруде мүлде қолданылмайды деп айтуға болмас. Технологиялар бар, бірақ оларды қазіргі заманғы жағдайға бейімдеу керек деп есептейді Виктор Сиволап. Мұнымен қатар селекциялық жұмыс та тиісті деңгейде жүргізілмейді.
Мал шаруашылығының бұл саласын қалпына келтіру үшін қомақты қаражат пен уақыт керек. Институт ғалымдары алға қойып отырған мақсат-міндеттердің орындаларына үмітті.

Виктор Сиволап, СҚ мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мал шаруашылығы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері:
– Облыста шошқа шаруашылығын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік бар. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, әрине. Бірақ қарқын қосу керек. Мал өсіруде барынша тиімді амалдарды, қазіргі заманғы технологияларды қолданған жөн.  

Жалпы өнім көлемі бойынша шошқа өсіру саласы елімізде үшінші орында.

Айымгүл Әбілева